Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қостанай облысында асыл тұқымды малының төлдерін сату бойынша халықаралық аукцион өтуде

Қостанай облысында асыл тұқымды малының төлдерін сату бойынша халықаралық аукцион өтуде

367

Қостанай облысы Қарабалық ауданында Абердин-Ангус асыл тұқымды малының төлдерін сату бойынша Бірінші халықаралық аукцион өтті.

Аукцион ең алдымен «Сыбаға» бағдарламасының қатысушыларына, сондай-ақ асыл тұқымды малды өсірушілер мен басқа да қызушылық танытқан тұлғалар үшін ұйымдастырылды. Аукцион асыл тұқымды төлдерді сатып алудың ең демократиялы тәсіл болып табылады, бұл ықтимал сатып алушылардың малдарды көзбе-көз бағалауға мүмкіндік береді.

Аукционға барлығы 310 бас мал сатуға шығарылды, соның ішінде 180 ұрғашы және 130 еркек бұзаулар. Ұрғашы малдардың жасы 12-14 ай, орта салмағы – 350 кг. Еркек бұқалардың жасы 13-14 ай, орта салмағы – 480 кг.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 50-ден астам шаруашылықтар абердин-ангус тұқымды өсірумен айналысады. Оның ұстаудың тиімділігі – өнім бірлігіне жұмсалған шығындардың аздығы. Абердин-ангустың генетикалық басымдылығы ретінде оның тез дамуы, үздік ет сапасы, ұрықшылдығы, табиғи жағдайларға бейімделу қасиеттерін атауға болады. Бұдан басқа, аталмыш тұқым әмбебап, яғни будандастыру кезінде өз жағымды шаруашылық қасиеттерін береді.

2010 жылдан бастап «Ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін дамыту» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде шет елден асыл тұқымды малдар әкеліне бастады. Қазір барлық алып келген малдың 61% ангустар құрайды. Осылайша, соңғы 5 жылда отанымызда ет бағытындағы ірі қара малдың саны 3 есе өсіп, 337,6 мың басты құрайды.

Абердин-Ангус асыл тұқымды малдарының «Қазақстан Ангусы» Республикалық палатасында тіркелген жалпы саны 34 мыңнан астам басты құрайды. 2014 жылы сатылған малдардың саны 3874 басты құрады. Ірі қара малдың бұл тұқымы былтырғы жылы Қазақтың ақбас тұқымынан соң ең сатылымды тұқым болды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Север АгроН» ЖШС, «Қазақстан Ангусы» Республикалық палата және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аукцион отандық мал өсіретін шаруашылықтарға өнімділігі бойынша халықаралық талаптарға сәйкес келетін асыл тұқымды малды мемлекет аумағынан шықпай ақ сатып алуға мүмкіндік береді.

ҚР баспасөз қызметі
+7 7172 555 765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus