Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Асылтұқымды мал аукцион арқылы сатылды

Асылтұқымды мал аукцион арқылы сатылды


Қостанай облысының Қарабалық ауданында алғаш рет халықаралық асылтұқымды малдар аукцион арқылы саудаға түсті.
Оған еліміздің кәсіпкерлері ғана емес, Ресей өкілдері де қатысты. Етті ірі қаралардың әрқайсысы 300 мың теңгеден басталып, 600 мың теңгеге дейін көтерілді.
Қостанай облысының Қарабалық ауданына Австралиядан етті Абердин-ангус түлігі алғаш рет 2011 жылы жеткізілді. Содан бері мұхит асып келген сиырлар екі рет төлдеп, қазір олардың саны 6 мыңға жетті. Қысы-жазы ашық аспанда тоқ өткізілген қоршау ішінде еркін жайылатын шетелдік ірі қара Тобыл өңірін жерсініп кеткен. Шаруашылық күні бүгінге дейін 550 қашар мен 100 бұқа сатқан. Алайда аукцион алғаш рет өтіп отыр.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін мал басын асылдандыру – негізгі міндеттердің бірі. Қазіргі кезде мемлекет осы бағытты ұстанған 85 шаруашылықты қаржыландырып отыр. Олардың міндеті – төрт түлік өнімділігін өрбіту. Ресми деректерге сүйенсек, бұл бағдарлама нәтижесіз емес.
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
– Қазіргі уақытта еліміздегі асылтұқымды малдың үлесі 12 пайызға жетті. Ал жоба басталғанда бұл көрсеткіш небәрі 3-4 пайыз ғана еді.

Бүгінгі аукционға еліміздің бірнеше өңірі мен Ресейдің көршілес Челябі облысынан келген сатып алушылар қатысты. Бәс саудада 12-14 айлық тайыншалардың бағасы 500 мыңға дейін жетті.
Асылтұқымды түлікті сатып алғандарға мемлекеттен 154 мың теңге субсидия төленеді. Мұның сыртында шаруаларды бұл түліктің жоғары өнімділігі де қызықтырады.
Абердин-ангустың бұзауларының салмағы 7-8 айда 400-450 келіге дейін жетеді. Ең ірі бұқалары 1 тоннаға дейін салмақ басады. Бүгінгі бәс саудада 200-ден астам өнімділігі жоғары асылтұқымды бұқа өз иесін тапты.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мухамедияров

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/72503-atyldy

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus