Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Экономиқалық ынтымақтастық және даму ұйымы ҚР АШМ ауыл шаруашылығы кооперативі жайлы әзірлеген заңын уақытылы деп санайды

Экономиқалық ынтымақтастық және даму ұйымы ҚР АШМ ауыл шаруашылығы кооперативі жайлы әзірлеген заңын уақытылы деп санайды

ЭЫДҰ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрлігімен, саяси қызметкерлер, ауылшаруашылық өндірушілерімен, ауылшаруашылық өндіруші ұйымдар мен басқа да мүдделі тараптармен бірлесе отырып, «Қазақстанда ауыл шаруалығы кооперативін нығайту» туралы есеп дайындады. Бұл есеп 2014 жылғы қазан айындағы Париж қ. өткен Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру бойынша ЭЫДҰ Дөңгелек үстелінің жұмысы барысында сарапшылармен қаралған.
ЭЫДҰ есебі Орталық Азия елдері туралы ЭЫДҰ Ықыласы аясында дайындалған. Есептің басты мақсаты ауыл шаруашылығы кооперативтерін нығайту үшін реформалар енгізе отырып, Қазақстанның ұсақ ауылшаруашлық өндірушілеріне нарықтық механизімі тиімсіздігінің пайда болу кедергісінен өту және шаруашылық мүмкіндігін толық шамада жүзеге асыруға көмектесе отырып, практикалық ұсыныстар берді.
ЭЫДҰ ауыл шаруашылығы кооперациясына жеке заң қабылдауды ұсынады
Кооперативтер үшін қолданыстағы заңнамалық дерекке бес жеке заңдар кіреді және қисынсыз қиындықтармен ерекшеленеді.
ЭЫДҰ сарапшылары кооперативтерді коммерциялық ұйым түрінде құруды топшылайтын және оны ұйымдастыру мен басқарудың негізгі қағидаларынан тұратын кооперативтер туралы бірыңғай заң дайындауды ұсынады. Жаңа заңнама Халықаралық кооператив альянсы мен Халықаралық еңбек ұйымымен дайындалған халықаралық нұсқауларды ескере отырып, кооператив істеріне араласуды азайту мен оларды автономдылыққа ынталандыруға бағытталуы керек.
Салық салудың қолданыстағы жүйесі кооперацияны ынталандырмайды
Қазіргі таңда Қазақстанның үй шарушылықтары ауылшаруашылық кооперативіне кірген кезде, кооперация дамуының ынталандырмаушы факторы болатын жоғары салықтық жүктмеге тап болады.
ЭЫДҰ сарапшылары арнайы салықтық тәртібін қолдануда кедергілерді жою арқылы ауылшаруашылық кооперативтерінде салықтық салмақты әлсіретуді ұсынады.
ЭЫДҰ ауылшаруашылық кооперациясының артықшылығы туралы ақпаратты фермерлер үшін барынша қолжетімді етуді ұсынады
Ауылшаруашылық өндірушілері кооперативтерге қатты сенбейді және оның тұрақты артықшылықтары туралы тиісті дәрежеде хабардар етілмеген. Өткен советтік өмірге байланысты көптеген ауылшаруашылық өндірушілерінде ынтымақтастықтың бұл түрі ауыл шаруашылығының ұжымдық түрінің қалдығы болатын өндірістік кооперативпен ұқсастырылады. Олар кооперативті нарықтық экономика түрінде қарамайды. Ұжымшарға қатысқандағы тәжірибе ауылшаруашылық өндірушілерінің артықшылығына сенім тудырмайды. Сондай-ақ, кооператив мүшелерін жұмыс аспектілеріне, ал басшыларды басқаруға үйретудің арнайы білім бағдарламалары жоқ.
ЭЫДҰ сарапшылары кооперативтің артықшылығы туралы фермерлерге ұғындыру мен ақпараттандыру бойынша нысанды білім беру бағдарламаларын дайындауды ұсынады. Сондай-ақ ЭЫДҰ кооперативтерге ақпараттық қызмет пен техникалық көмек беруді ұсынады.
ЭЫДҰ мемлекеттік қолдау шараларын ауылшаруашылық кооперативтеріне бағыттауды ұсынады
Қазақстандағы ауылшаруашылық коорперативтеріне нысанды қаржылай қолдау жетіспейді. Оларға дамудың бастапқы кезеңдерінде қаражат салу және қысқа уақытты айналым капиталы мен ұзақ мерзімді инвестициялауды қаржыландыруға қаржат бөлу керек. Қазіргі кезде негізінен субсидия мен жеңілдікті несие түрінде көрінетін орталықтандырылған қаржылай қолдауға басты назар аударылады.
ЭЫДҰ агроөнеркәсіптік кешенде, соның ішінде кооперативтерге қолданыстағы механизмдерді субсидиялауды қайта бағдарлау бойынша қолданыстағы субсидиялау механизмін қайта қарауды ұсынады. Сондай-ақ, ЭЫДҰ ауылшаруашылқ кооперативтерін жеңілдікті несиелеу бойынша нысанды өнімді дайындауды ұсынады.
Дөңгелек үстел барысында көрсетілген ЭЫДҰ ұсыныстары ҚР АШМ әзірленген ауыл шаруашылығы кооперативі туралы заңнама жобасымен және заңнамалық актілеріне енгізілген басқа да өзгертулерге сәйкес келетіні айтылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E:minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus