Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік заңды тұлға құру туралы қызығушылық ниетін сұрау

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік заңды тұлға құру туралы қызығушылық ниетін сұрау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы № 342 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы “Республикалық астық сараптау” Республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң “Қазтұқымсараптау” Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынын қосу жолымен «Қазагрэкс» Республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрі – «Қазагрэкс» РМК) құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 38 қаулысымен «Қазагрэкс» РМК «Қазагрэкс» жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi – Қоғам) етiп қайта құрылды.

Қоғам дәнді, бұршақты, майлы, техникалық, талшықты дақылдары мен олардың өңделген өнімдерінің және мақта тұқымдары, шитті мақта, мақта талшығының сапасы, қауіпсіздігі және дәндердің шығуын сараптау, сапа төлқұжатын, сапа сертификатын, сәйкестік сертификатын және сәйкестік туралы декларацияны (дәнді, бұршақты, майлы дақылдар мен астық өнімдері, қоспа жем) беру, сондай-ақ ауылшаруашылық дақылдары мен өсімдіктер тұқымдарының сұрыптық және себу сапасына сараптама жасау қызметтерін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 194 қаулысымен «Қазақстандық аграрлық сараптамасы» (бұдан әрі – Қоғам) жекешелендіруге жататын республикалық меншік ұйымдарының тізбесіне енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бәсекелестікті қалыптастыру және дамыту үшін бизнес-ортаны кеңейту мен жетілдіру және қызметтер сапасын жақсарту мақсатында, Қоғамды жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – ЖШС) ретінде қайта құрып, кейіннен осы ЖШС филиалдар негізінде жеке тәуелсіз заңды тұлғаларға бөлуге ұсыныс жасап отыр.

Осы хабарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпаңдағы № 103 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемеге» сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік заңды тұлға құру туралы қызығушылық ниетін сұрау мақсатында орналастырып отыр.

Байланыс деректері:
– телефондар: +7 7172 39-52-45
– е-mail: kazagrexastana@yandex.kz
– адрес: Астана қаласы, Республика даңғылы, 64/3
– уәкілетті тұлғалар: Есет Мирболатұлы – «Казагрэкс» АҚ жұмысын үйлестіру бөлімінің бастығы.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика