Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары басшылары лауазымдарының бос орындарына конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары басшылары лауазымдарының бос орындарына конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» ҚеАҚ, 010000, Астана қ., Иманов көшесі, 13. Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (71-72) 72-86-29, 2018 жылғы 28 мамырдан бастап еншілес ұйымдары басшылары лауазымдарының бос орындарына конкурс жариялайды:
1. «Павлодар ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС. Мекенжайы: 140909, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Красноармейка ауылы, Октябрь 60 жыл көшесі, тел. 8 (71845) 5 30 03. E-mail: nii07@inbox.ru. Негізгі мамандануы: Дәнді, жармалық, азықтық дақылдар жаңа сорттарының селекциясы және бастапқы тұқым шаруашылығы, оларды жаңадан шығару және тарату.
2. «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС. Мекенжайы: 070512, ШҚО, Глубоковский ауданы, Опытное поле ауылы, Нагорный көшесі, 3, тел. 8(7232) 50 41 91. E-mail: vkniish@mail.ru. Негізгі мамандануы: Селекция және тұқым шаруашылығы, майлы дақылдарды өсіру технологиясы, ара және марал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен гибридтерін, ара тұқымдарын, типтерін және желілерін шығару.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1) Ауыл шаруашылық ғылымдары, ветеринария, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салалары бойынша жоғары білімі болуы.
2) «Әкімшілік іскерлік басқару магистрі» дәрежесінің болуы немесе басқару саласындағы қосымша білімі болуының артықшылығы бар.
3) Ауыл шаруашылығы, ветеринария, техникалық, технологиялық докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы, философия докторы (PhD), бейінді доктор, ӘБМ, ӘБД дәрежелері болуының артықшылығы бар.
4) Жалпы жұмыс өтілі 10 жылдан кем емес, оның ішінде агробизнесте немесе оған ұқсас салада 5 жылдан кем болмауы тиіс. Ғылыми саладағы жұмыс тәжірибесі болуының артықшылығы бар.
5) Бизнес басқару, персоналды басқару, активтерді басқару, қаржы-шаруашылығы қызметін басқару практикалық нәтижелерімен басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес болуы.

Конкурсқа қатысуға келесі тұлғалар жіберілмейді:
1) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған немесе оларға қатысты қылмыстық сот ісі жүргізілген болса;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болған жағдайда.

Тиісті құжаттары қоса берілген үміткерлердің өтініштерін осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде үміткердің өзі немесе азаматтық заңға сәйкес уәкілеттік берген оның өкілі тапсырады.
Байқау өткізілетін орыны: Астана қ., Иманов көшесі 13, 7 қабат, 711 каб., «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» ҚЕАҚ.
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2018 жылдың 28 мамыр.
Үміткерлер тапсыруға тиісті құжаттардың тізімі:
1) байқауға қатысушының қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсетілген өтінімі;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
3) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндемесі;
4) толтырылған қызметкерлерді есепке алу бойынша жеке парағы (нақты тұрған жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілуі тиіс);
5) бiлiм туралы құжаттардың көшiрмелерi (байқау өткiзiлетін күнге дейiн бiр айдан кешiктiрмей нотариалды түрде куәландырылған);
6) белгіленген нысанда денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) бұрын сотталмағандығы туралы анықтама;
9) ұйымның дамуын жақсарту бойынша ұсыныс (көз қарасы) (5-7 минуттан аспайтын тұсаукесер).
Үміткерге өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби даярлық деңгейіне (біліктілікті арттыру бойынша құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтарды беру, ғылыми жарияланымдар және алдынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным және т.б.) қатысты қосымша ақпарат беруіне рұқсат етіледі.
Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлғалар жоғарыда аталған құжаттарды электронды түрде 110@nanoc.kz электрондық поштасына жібере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта бойынша ұсынған тұлғалар құжаттардың түпнұсқаларын байқауға қатысуға үміткерлердің тыңдау басталғанға дейін үш сағаттан кешіктірмей ұсынады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved