Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Ұлттық аграрлық ғылыми – білім беру орталығы» КеАҚ еншілес ұйымдары басшыларының бос лауазымды орындарға орналасу конкурстық процедураларын бастау туралы ақпараттық хабарлама

«Ұлттық аграрлық ғылыми – білім беру орталығы» КеАҚ еншілес ұйымдары басшыларының бос лауазымды орындарға орналасу конкурстық процедураларын бастау туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ұлттық аграрлық ғылыми – білім беру орталығы» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) еншілес ұйымдары басшыларының бос лауазымды орындарға конкурстық процедураларын басталғаны туралы хабарлайды.
2018 жылғы 28 мамырдан бастап «Павлодар ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС және «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС директорлары лауазымдарының бос орындарына ашық конкурс жарияланады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1. Ауыл шаруашылық ғылымдары, ветеринария, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салалары бойынша жоғары білімі болуы.
2. «Әкімшілік іскерлік басқару магистрі» дәрежесінің болуы немесе басқару саласындағы қосымша білімі болуының артықшылығы бар.
3. Ауыл шаруашылығы, ветеринария, техникалық, технологиялық докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы, философия докторы (PhD), бейінді доктор, ӘБМ, ӘБД дәрежелері болуының артықшылығы бар.
4. Жалпы жұмыс өтілі 10 жылдан кем емес, оның ішінде агробизнесте немесе оған ұқсас салада 5 жылдан кем болмауы тиіс. Ғылыми саладағы жұмыс тәжірибесі болуының артықшылығы бар.
5. Бизнес басқару, персоналды басқару, активтерді басқару, қаржы-шаруашылығы қызметін басқару практикалық нәтижелерімен басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес болуы.

Конкурсқа қатысуға келесі тұлғалар жіберілмейді:
1) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған немесе оларға қатысты қылмыстық сот ісі жүргізілген болса;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болған жағдайда.

Конкурс өткізетін орыны: Астана қ., Иманов көшесі. 13, (7 қабат, 711 каб.) «Ұлттық аграрлық ғылыми – білім беру орталығы» КеАҚ.
Құжаттарды қабылдауды бастайтын күн: 2018 жылғы 28 мамыр. Ұсыну мерзімі: 2018 жылғы 28 мамырдан бастап, он бес күнтізбелік күндер аралығында.
Конкурстық құжаттармен мына сілтемеде:_________ танысуға болады.
Байланыстар: 87172728629, 110@nanoc.kz

Қоғамының еншілес ұйымдары мен жоғары оқу орындарының басшыларын сайлау Ережесіне өзгерістер мен толықтыруларың енгізілуіне байланысты 2017 жылғы 8 желтоқсандағы Қоғамның еншілес ұйымдарының басшылары бос лауазымдарына орналасу конкурсы тоқтатылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved