Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Үкіметте талқыланды

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Үкіметте талқыланды

2017 жылғы 23 мамырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселесі бойынша бейнеконференциябайланыс режимінде кеңес өтті.

Кеңеске Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, облыс әкімі орынбасарлары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары қатысты.

2012 жылы Үкіметпен бағаның негізсіз өсуіне және алып-сатарлыққа жол бермеуге және маусымдық ауытқуды деңгейлестіруге бағытталған азық-түлік нарығын реттеу бойынша шаралар қабылданғанын, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары құрылғанын атап өткен жөн. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы 17,1 млрд теңге көлемінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қаржыландырылды.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы, Экономика министрлігі, Алматы мен Астана қалаларының және облыс әкімдіктері арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының көтерілуіне жол бермеу туралы Меморандум жасалған болатын.

Жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру мақсатында өңірлер бойынша 2017 жылдың әр айына арналған тұтынушы баға индексі әзірленді.

Бүгінгі күні Алматы және Астана қалалары, облыс әкімдіктерінің мәліметтері бойынша 2016 жылдың басынан 2017 жылдың 25 сәуіріне дейінгі кезеңде Тұрақтандыру қорларына 22 мың тонна азық-түлік тауарлары сатып алынды.

Сонымен бірге, қаңтар айынан бастап 16 мамырға дейін кейбір азық-түлік тауарларының бағасы төмендегені байқалады: тауық жұмыртқасы – 18,6%, қарақұмық жармасы – 10,3%, қант – 6,8%, күнбағыс майы – 5,8%.

Анықтама:

Қор көлемі жалпы қор көлемінің 1 сұрыпты ұнға (35,4 %), қантқа (28,8 %), күнбағыс майына (10,9 %), күрішке (5,6 %), картопқа (5,3 %), қарақұмыққа (4,2 %), макаронға (3,4 %), сәбізге (2,2 %), қырыққабатқа (1,8 %) тиесілі.

Бағаның ең көп өсуі жыл сайын маусымаралықтағы тауарларға келеді, яғни өңірлерде көкөніс және картопты бағаның төмендеуі және егінді жинау (жаз-күз) кезеңінде алып қалу қажет. Алайда, аталған тәжірибе кейбір әкімдіктермен орындалмайды. Көкөніс бойынша тұрақтандыру қорларын пайдалану маусымаралықтан бастап (желтоқсан-наурыз) бағаның максимумға дейін өсуін күтпей, барлық көрсетілген кезеңге тең бөлу арқылы жүзеге асырылу қажет.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары облыс әкімдіктеріне тұрақтандыру қорларының жұмысын жандандыру және азық-түлік тауарларын өткізуде және сатып алуда ӘКК жәрдемдесуі бойынша тапсырмалар берді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus