Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Әлеуметі мығым елдің экономикасы мықты

Әлеуметі мығым елдің экономикасы мықты

Ауыл шаруашылығы саласы – еліміздің экономикалық әлеуетіне өсім беретін маңызды бағыттардың негізі. Осы орайда, нарықтағы азық-түлік бағасы, халықты сапалы отандық өнімдермен қамтамасыз ету, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамыту тұрғысында қолға алынған бірқатар әлеуметтік бағдарламалардың барысын білу мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Еркінұлы ТОЛЫБАЕВПЕН сұхбаттасқан едік.

 

– Қазақстанға сырттан жеткізілетін азық-түліктердің сапасына тексеріс жұ­мыс­тары өз деңгейінде жүргізіледі ме?
– Қазақстанға Кеден одағы мемлекет мүше­ле­ріне әкелінетін ветеринариялық қада­ға­лауға жататын тауарлар Кеден одағы­ның сыртқы шекарасынан өткізу кезінде ветеринариялық бақылаудан өтеді.
Біріншіден, құжатнамалық тексеру жүргі­зіледі. Яғни, Кеден одағының қадағала­на­тын тауарларға қойылатын талаптарды орын­дайтын құжаттардың толықтылығы (вете­рина­риялық рұқсатнаманың, ветеринар­иялық сертификаттың болуы, олардың талаптарға сәйкестігі) тексеріледі. Қүжаттар толық болмаған жағдайда немесе талаптарға сәйкес келмеген кезде өнімдер импорттаушы елге қайта жіберіледі.
Кейін құжатнамалық тексерістен өткен өнімдерге тексеріс жүргізіледі. Бұл кезеңде өнімнің қапталынуына, сапасына, көзге көрі­нетін өзгерістерге (өнімнің бүлінуі сияқты) назар аударылады. Осы жүйені сәтті өткен өнімдер Кеден одағына шектеусіз кіргізіледі. Ал егер де көзге көрінетін өзгерістер байқалса, өнімдер зертханалық зерттеуге жіберіледі.
Зертханалық зерттеу өткізу үшін өнімдер­ден сынама алынып. ветеринариялық зертха­на­ларға жөнелтіледі. Зертханалық қорытын­дының негізінде өнімнің сапасы сай болған жағдайда Кеден одағыньң аумағына өткізу, ал сәйкес болмаған жағдайда импорттаушы елге қайтару шешімі қабылданады. Егер қадағаланатын тауарлардың талаптарға сәй­кес­сіздігі анықталса, өндіруші кәсіпорынға не уакытша шектеу режимі, не күшейтілген зертханалық зерттеулерден өткізу тәртібі орнатылады.
Осы тәртіп орнатылса, әкелінетін партиялардан зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін 10 рет қатарынан сынамалар алынады да, зертханалық қорытындының негізінде тиісті шешім қабылданады.
– Еліміздің маңызды азық-түліктермен қамтамасыз ету деңгейі қаншалықты? Азық-түліктің қай түрі республикада тұр­ғын­­дарының сұранысын қанағаттан­ды­рып отыр?
– Қазіргі уақытта отандық ауыл шаруашы­лығы саласы ауыл шаруашылығы өнімдерінің азықтық бидай, күріш, жармалық және көкөніс-бақшалық дақылдар, картоп, ет, сүт және жұмыртқа секілді негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың тұтынуын толығымен қамтамасыз етеді.
Жалпы айтқанда, азық-түліктің барлық негізгі түрлері бойынша ішкі тұтынудағы отандық өндірістің үлесі 80 пайыздан астам.
Бұл тізімге тек алма (51,4%), құс еті (39^%), шұжык өнімдері (57%), сары май (64,2%), ірімшік және сүзбе (46,5%), қант (39,5%), балық (64.4%) кірмей отыр. Осыған байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өндірушілерді қолдау мен аграрлық өнімдер өндірісін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде, атап айтқанда өсімдік шаруашылығында гер­бицидтер, жанар-жағармай, тыңайтқыштар са­тып алуға жұмсалатын шығындар және мал шар­уашылығында асылдандыру жұмыстары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру субсидияланады, сондай-ақ ветеринарияда мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар қызметті қалпына келтіріліп, іс-жүзінде тиімсіз және кейбір жағдайларда зиянды болған бірқатар рәсімдер қысқартылды.
Жағдайды түбегейлі өзгерту мақсатында және ағымдағы мәселелерді шешу үшін «Агро­бизнес-2020» салалық бағдарламасы әзір­ле­ніп, бекітілді.
Бағдарламада ауыл шаруашылығын мем­ле­кеттік қолдаудың жаңа тетіктерін енгі­зу көзделіп отыр, атап айтқанда: АӨК субъек­ті­ле­рін қаржылық сауықтыру, басым жобаларға арналған инвестициялық субсидия­лар, несие бойынша пайыздық ставкаларды төмендету және тағы басқалары.

Бұдан басқа, Бағдарламамен ветеринария­лық және фитосанитариялық жүйелерді одан әрі жетілдіру, оларды халықаралық стандарттар­мен ықпалдастыру, аграрлық ғылымды, АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін дамыту, АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету, оларға мемлекеттік қызметтер көрсету секілді жағдайлар қарастырылып отыр.

Нәтижесінде 2020 жылға қарай ауыл шаруа­шылығындағы еңбек өнімділігінің адам басына шаққанда 4,2 мың АКДІ долларынан 9 мың АҚШ долларына дейін артуы, сондай-ақ азық-түлік өндірісінің 833 млрд. теңгеден 1 триллион 55 млрд. теңгеге дейін өсуі күтілуде.
Осы аталған барлық шараларды толығымен жүзеге асырған жағдайда, азық-түліктің барлық негізгі түрлері бойынша ішкі тұтынудағы отан­дық өндірістің үлесін 90 пайызға жеткізуге болады.
– Ауылды жерлерде кооперацияны же­тіл­діру мақсатында қандай шаралар жүзеге асуда?
– Кооперацияны жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар шаралар қабылданған.
Қазіргі уақытта республикада кооператив­тер­дің барлық түрлерін ұйымдастыру және дамыту саласын­дағы қатынастарды реттейтін заңнамалық база қалыптасқан. Осылайша қол­даныста «Қазақстан Республикасында Ау­ыл­дық тұтынушылық кооперация туралы», «Ау­ыл­шаруашылық серіктестіктері және олар­дың қауымдастықтары (одақтары) туралы», «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну коопе­ративі туралы», «Өндірістік кооператив туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары бар.
Бұдан басқа, Салық кодексінің 448 бабына сәйкес ауылдық тұтыну кооперативтеріне (АуылТК) корпоративтік табыс салығының, әлеу­меттік салықтың, жер салығының, жер учас­ке­ле­рін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға азайтылған шарттарды қарастыратын арнайы салық режимін пайдалануға мүмкіншіліктері бар.
Сондай-ақ, кооперацияны мемлекет тарапынан ынталандыру шаралары жүзеге асырылуда. Мәселен 2006 жылдан бастап ауылдық тұтыну­шылық кооперативтерге негізгі құралдарды жә­не технологиялық жабдықтарды сатып алуға, сонымен қатар айналымдағы қаражатты толық­тыруға 7 жылға дейін 5 пайыз мөлшерлемесімен же­ңіл­детілген несие беру жүзеге асырылуда. Несие беру кезеңінің басынан бастап, республика бойынша 140 ауылдық тұтынушылық кооперациялары 11 187,6 млн теңгеге несиелендірілген болатын, оның ішіне 1 638 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер және 3 482 жеке аула шаруашылықтары.
Бұдан басқа, кооперацияны ынталандыру үшін 2009 жылдан бастап Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуымен СДО деп аталатын сервистік дайындау орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көрсетілген мақ­сат­тарға республикалық бюджеттен 5,6 млрд тең­ге бөлінген.
Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін несие­леу­дегі пайыздық мөлшердің бағасын төмендету және 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен құралдарымен қамтамасыз ету туралы ережесінде екінші деңгейлі банктермен берілетін несиелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында СДО және АуылТК субсидия алушылар қатарына қосылды.
Қазіргі кезде кооперацияны бұдан әрі жетіл­діру мақсатында ауылдық кооперативтерді мемлекет тарапынан қолдау шаралары қарастыры­латын заң жобасы әзірленуде.
Бұдан басқа, Ауыл ТК-ларды құрудың және жұмыс істеуінің тиімді нұсқасын әзірлеу мақ­сатында, қазіргі кезде, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарда пилоттық жобалар құру жоспарланған.
– «Агробизнес-2020» бағдарламасы ая­сында жүргізіліп жатқан жүмыстардың нә­ти­жесі қан­дай?
– Жақында Қазақстан Республикасы Үкіметі­нің Қаулысымен Қазақстан Республика­сы­ның 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту «Агробизнес-2020» бағдарлама­сы қабылданды.
ҚР Премьер-министрінің кезекті Үкімет оты­рысында берілген тапсырмасына сай бағдар­ламаны жүзеге асыру бойынша мастер-жоспарлар әзірленді. Қазіргі таңда мастер-жоспарлар кұрамына ауьш шаруашылығымен айналысатын барлық қоғамдық бірлестіктер кіретін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Іскерлік кеңеспен келісілуде.
Сондай-ақ, жақын арада ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін мемлекеттік қолдау меха­низмдерін түсіндіру бойынша Астана және Алматы қалаларының, облыс әкімдерінің қатысуымен ҚР Ауыл шаруашьшығы министрлігінің төраға­лы­­ғымен алқа отырысының өткізілуі жоспарланып отыр.
Мемлекеттік қолдаудың қаржылық шаралары бойынша субсидиялаудың келесідей ере­желері әзірленуде:
«АӨК субъектілерін қаржылай сауықтандыру үшін субсидиялаудың қаржылық институттардың несиелері бойьшша сыйақы мөлшерлемесінің ережелері»;
«АӨК субъектілерінің заемдарын сақтандыру және кепілдендіру бойынша ережелері»;
«Екінші деңгейлі банктерді қорландыру бойынша ережелер»;
«АӨК субъектілерін инвестициялық қолдау бойынша ережелер»;
«Ауыл шаруашылығы техникасын лизинг­теу­дің субсидиялау ережесі»;
«Ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алуын жүзеге асыратын қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялаудың ережесі»;
– Биылғы жылдың егіс науқандары қан­дай ба­ғыттар бойынша орындалмақ?
– Облыстық ауыл шаруашылығы басқарма­ла­рының алдын ала деректері бойынша республика бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,4 млн га алқапта орналастыру жоспарланды, бұл 2012 жыл деңгейден 0,2 мың га немесе 0,9 пайыз кем. Көктемгі егіс алқабы 18,5 млн га құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 0,4 млн га немесе 2,2 пайыз кем. Дәнді дақылдар 15,8 млн. га орналастырылады, оның ішінде бидай – 13,0 млн га. Бидай алқабын 2012 жылгы деңгейден 472,1 мың га (3,6%), күрішті – 5,7 мың га (6,1%), қысқарту күтіледі.
2013 жылы майлы дақылдардың алқабы 1,9 млн га жетеді, бұл өткен жылғы деңгейден 43 мың га артық, мақта – 146,4 мың га (1,4 мың га кем), қант қызылшасы – 11,2 мың га (7,9 мың га кем), көкөнісбақша дақылдары және картоп – 389,9 мың га (9,7 мың га кем), мал азығы дақылдары – 3,1 млн га (265,0 мың га артық).
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс­тардың әкімдіктерімен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көктемгі eгic жұмыстарын жүргізуге дизель отьнына деген қажеттілік шамамен 360 мың тоннаны құрап отырғанын анықтады. Министрлік 2013 жылы көктемгі егіс жұмыстарын өткізуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизельдік отын литрын 78 теңге көлемінде ұсынып отыр немесе МӨЗ-нан тоннасына 93975 мың теңге.
Жалпы аймақтарда операторлардың тасымалдау және шығындар есебімен ауыл шаруа­шылығы тауарын өндірушілер үшін дизель оты­нының орташа бағасы шамамен литрына 90 теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш нарықтық бағадан 10-12 пайызға (102 теңге/литр) төмен екенін айтып кеткен жөн.
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан 
Мақпал Сағындық

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus