Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік мекемесі, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

14 (он төрт) жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

лазерлік станцияларды тіркеу үшін:
      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттардың көшірмелері, жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
      3) бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды техникалық сипаттамаларын және сапасын растайтын құжаттардың (бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың паспорты және техникалық ерекшелігі) көшірмелері;
      4) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі басылған бұйымдар (құралдар) үлгілерінің әрбір түрінен кемінде екі дана;
      бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тіркеу үшін:
      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттардың көшірмелері, жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
      3) бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың техникалық сипаттамасын және сапасын растайтын құжаттардың (бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың паспорты және техникалық ерекшелігі) көшірмелері;
      4) бұйымдарды (құралдарды) өндірушілер үшін – Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитетте (ICAR) бұйымдардың (құралдардың) тіркеуден өткенін растайтын құжат;
      5) бұйымдардың (құралдардың) әр түрінен кемінде екі дана үлгісі (бұйымдарды (құралдарды) тіркеу кезінде);
      6) атрибуттардың әр түрінен бір данасы (атрибуттарды тіркеу кезінде)

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

 осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуден өткені туралы анықтама, көрсетілетін қызметті алушының сұранымы болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқордан үзінді

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

  «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011959#z685

 

Қызмет стандарты

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus