Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне

Бейне

Feed Subscription<

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №6

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевпен кездесу барысында ел Премьер-Министрі ағымдағы жылдың 9 айындағы республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есеп берді. Үкіметтің кезекті отырысында елді мекендерді сумен қамтудың тиімділігін арттыру шаралары талқыланды. Халықаралық ынтымақтастық аясында Б. Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен және Мажарстанның ұлттық экономика министрі Михай Варгамен кездесулер өткізді. Б. Сағынтаев «Атамекен» ҰКП сауда ... Әрі қарай »

СҚО-да 3 млн 200 мың тонна астық жиналды

uborka

Солтүстік Қазақстан облысында күзгі дала жұмыстары жалғасып жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметтер бойынша бүгінгі күнге дейін 3 млн 200 мың тонна астық жиналды. Орташа түсім – 17,2 центнер. Егін орағы бойынша Жамбыл, Есіл және Қызылжар аудандары алда келеді. Қазірдің өзінде астық қабылдау орындарына 120 мың тоннадан астам бидай жеткізілді. Диқандар қауымы арзандатылған жағар-жанармаймен толық қамтамасыз етілген. Жиын-терімге 8 мыңдай ... Әрі қарай »

Жыл соңына дейін 25 мың жамбылдық жұмыспен қамтылады

123

Жамбыл облысында биылдың соңына дейін 25 мыңдай азамат жұмысқа орналасады. Мамандардың айтуынша, қазірдің өзінде жоспар 60 пайызға орындалған. 15 мың тұрғын маусымдық еңбекке тартылып, өз кәсібін ашамын деген 800-ден астам азаматтың құжаттары қабылданған. Қазір оларға жеңілдетілген несие кезеңімен беріліп жатыр. Жобасы мемлекет тарапынан қолдау тапқан жандардың бірі Байзақ ауданында тұрады. Ерболат Смаилов аз уақыттың ішінде ісін ширатып, шаруаға белсене кірісіп ... Әрі қарай »

Шаруалар үнемдеу технологиясының арқасында өндірістік шығынды 10 есеге азайтты

Қостанайлық шаруалар «жасыл» экономика қағидасы бойынша суды үнемдеу тәсілдерін жетік меңгере бастады. Өңірдегі 60-тан астам алқапта тамшылатып суару және өзге де үнемдеу тәсілдері өндіріске кеңінен енгізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, суды пайдаланушылардың арқасында егісті суаруға кететін шығын бірден 10 есеге дейін кеміген. Мәселен, құлпынай өсіретін Валерий Мищенко тамшылатып суару әдісімен қатар қуат үнемдеуді де қолға алып отыр. Соның арқасында өндірістік шығындар ... Әрі қарай »

Жер комиссиясының мүшелері жұма күні Көкшетауға барады

Жер реформасы бойынша құрылған арнайы комиссия мүшелері жұма күні Көкшетауға барады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министірінің орынбасары Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Басты мақсат – жерді игеріп жүрген шаруалардың жаңа реформа туралы ой-пікірін білу. Дегенмен кез келген азамат Jerturaly.kz порталы немесе Сall-орталығы арқылы өзін толғандырған сұрақтарды қоя алады. Қазірдің өзінде 14-34 нөміріне 5 мыңға жуық қоңырау шалынса, интернет сайтқа 700-ден ... Әрі қарай »

Жер туралы комиссияның келесі отырысы Ақмола облысында өтеді

Жер туралы комиссияның келесі аптадағы кеңесі Ақмола облысында өтетін болды. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев айтты. Ал тамыз айында комиссия қорытынды жұмысқа кіріспек. Үш сағаттан астам уақытқа созылған бүгінгі басқосуға қатысушылар жерді шетелдіктерге жалға берудің жайын талқылады. Түрлі ұсыныстар айтылып, жиналғандар өз ойларын ортаға салды. Сағынтаев қандай талас болмасын, ең алдымен елдің бірлігі, тұтастығы мен татулығы қымбат деген ... Әрі қарай »

Система Orphus