Жаңалықтар
Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбековтың ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіндегі кіріспе сөзі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбековтың ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіндегі кіріспе сөзі

Біздің мақсатымыз – Қазақстан Республикасының азық қауіпсіздігін және азаматтардың денсаулығын қорғау екенін атап өтті. Сатуға тек қауіпсіз тамақ өнімдерін жіберу қажет, тұтынушыларды алдамшылықтан сақтау керек. Сонымен қатар, балғын, мұздатылған, сапасы жақсы, экологиялық таза, табиғи техникалық регламент талаптарына сәйкес өнімдерді шығаратын отандық өндірушілерді қолдау қажеттігін атады.
Мемлекеттік қадағалау жүйесі барлық азық қатарын қамту керек. Әкелінетін өнімдерді шекарада бақылау орындалып жатыр.
1. Кедендік одаққа әкелінетін импорттық мал өнімдерін бақылау маңызды тәжірибе.
Кедендік одақ шеңберінде Қазақстанға әкелінетін импорттық мал өнімдерінің негізгі жүк тасқыны, ресей және белоруссия өткізу пункттерінен өтеді (шамамен 90-95%).
Анықтама: қолайсыз эпизоотиялық жағдайға байланысты Өзбекстан, Қырғызстан, Қытайдан мал өнімдерін, азықтарды әкелуге тыйым салынған.
Сынамада алғаш анықталған тыйым салынған және зиянды заттар, талдау зерттеулеріне сұрыпталған, үшінші елдер кәсіпорындарында күшейтілген зертханалық бақылау енгізіледі.
Анықтама: Сұрыпталған сынама зертханалық зерттеуге импорттық бақылаудағы өнімді мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторлар жүргізеді өткізу пунктерінде мемлекеттік шекара арқылы және жеткізілетін пунктінде толық кедендік рәсімдеуде, яғни Қаазқстанда.
Кейінгі анықталғанда осы кәсіпорыннан өнім әкелуге уақытша шектеу қойылады. Уақытша шектеу қойылғандығы туралы КО мемлекет – мүшелерінің ветеринариялық қызметтерінің ресми сайтында орналасады.
Яғни ол, импорттық мал өнімі, қазақстандықтардың үстеліне келетін, кәсіпорыннан мемлекетке әкелінетін, КО аумағына әкелуге рұқсат етілген. Назар аударыныздар, КО келісілген шеңберінде, ҚР ветеринариялық қызметінің бақылауынан Белоруссия және Ресейдің мал өнімдерін өндіретін кәсіпорындары тыс қалды.
2. Сапасыз импорттық өнім
Сонымен қатар, осы күнге дейін отандық нарық сапасыз, техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін, жақын және алыс жатқан елдерде, Кедендік одақ мемлекеттерін қоса алғанда шығарылатын импорттық тамақ өнімдерімен аса толған.
Импорттық өнімді өндіру кезінде мұздатылған өнімде табиғи өнімнің орнына генномодификацияланған алмастырушылар және жасанды, заттар, салмақтарын арттыру үшін (су, фосфаттар) қолданады.
Сонымен қатар, ТР талаптары бұзылған яғни таңбасы жоқ, тамақ өнімдерінің құрамы нақты толық түрде жазылмаған немесе тіпті көрсетілмеген, шығарылған күні мен сақтау уақыты ҚР мемлекеттік тілде және өндіруші елдін де тілінде жазылмаған. Асханалық жұмыртқаларда шығарылған күні мен сақтау уақыты таңбаланбаған.
Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа мемлекеттік мекемелермен бірге нарықта сапасыз тамақ өнімдерінің болмауына, мысал ретінде құс өнімдеріне жол бермеу шаралар қолданылып жатыр.
Жекелегенде, Украина және Беларуссияда, Ресейде, АҚШта өндірілген құс еттерін сататын барлық ішкі сауда орындарында тексеріс жүргізілді. Бұл ретте құс етіне берілген ветеринариялық жолдама құжатының сәйкестігі, сақтау және сату шараларының сақталуы, техникалық регламентке сәйкестігі, сонымен қатар ылғалдылығы, орамасы мен таңбаланғаны тексерілді.
Тексеріс барысында құс етінің сынама үлгілерін РМК «Республикалық ветеринариялық зертханасына» және РМК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығына» зерттеуге жіберілді.
Тексеріс кезінде Ресей және Украинада өндірілген құс етінің орамасында тұтынушыға арналған мемлекеттік тілде ақпараттың жоқтығы (немесе толық көлемде еместігі, немесе өндірген елдің тілінде нақты ақпаратқа сәйкессіздігі), жасалған күні, сақтау уақыты көрсетілмеген.
Құс өнімдерінде мұз табылған, яғни құс салмағын арттыру және көлемін ұлғайту үшін ұшаға шприц арқылы су енгізген. Одан басқа, зерттеу кезінде көп мөлшерде бактериялар табылған, яғни СанЕмН талаптарына сәйкес емес және адамдарда болатын жиі тамақ улануының себебі болып табылады. Сонымен бірге, сынамаларда ішек таяқшасы топтарының бактериялары, арттық мөлшерде мышьяк және қорғасын табылған.
Зертханалық зерттеу аяқталғаннан кейін жауапсыз кәсіпорын – өндірушілеріне байланысты тиісті ветеринариялық – санитариялық шаралар қолданылады. Жеті кәсіпорынның, сонымен қатар ресейлік – Алтай бройлері, Ақ құс, Приосколье, украиналық – Мирондық құс фабрикасы, америкалық окорочкасы бактериясы жоғары деңгейдегі өнімдер алып тасталынады және жойылады. Украиналық кәсіпорындар өндірген құ өніміне уақытша шектеу қойылады.
Қорытындылай келе, тексеріс басынан бір айда 30%-ға дейін отандық сату көрсеткіші, оның ішінде мұздатылған балғын құс өнімдері артты.
3. Азық түлік өнімдерінің сапасын мониторингілеу жүйесін құру
Тірі жануарларда және жануарлардан алынатын өнімдердің құрамында залалды заттардың мен олардың қалдықтарын болуының тәуелсіз және объектівтік анализін жүргізу мақсатымен Қазақстанның ветеринариялық қызметімен АӨК дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған салалық бағдарламасы аясында жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттарын залалды заттардың бар болуына мониторингттік зерттеулерін жүргізу қарастырылған. 2014 жылдан бастап азық түлік өнімдерін қауіпсіздік көрсеткіштеріне мониторингттік зерттеулері республикалық бюджет есебінен жүргізілетін болады.
Қазіргі уақытта мониторингілеу аясында Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы мен оның филиалымен 2013 жылға арналған бекітілген мониторингілеу жоспарына сәйкес зерттеулер жүргізілуде. Осылайша, Референттік зертханада антибактериальдық және гормональдық препараттардың, рапс, соя және жүгерідегі генетикалық модифицирленген заттардың бар болуына зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар зерттелінетін азық түліктерде ауыр металл тұздарының және диоксиндер мен диоксинтәріздес заттарының сандық құрылымының анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздік өнімдері және мал шикізаттары, аурудың таралуын болдырмау және жануарлардың жұқпалы аурудың таралмауын, мемлекттік ветеринариялық бақылау ішкі сауда орындарында, өнімді өндіретін кәсіпорындарда, сою, сақтау, қолдану, жануар өнімдерін сату және қайта өңдеу күнде қолданады.
Осы жаңалық жануарлардың және мал өнімдерін ветеринариялық жолдама құжатынсыз бақылаусыз жүргізілетін және мал өнімдерінің жолдама құжатсыз, заттаңбасындағы штрих – код арқылы ақпаратты қадағалауға болады: қашан, қандай малдан алынған өнім, қай пункте сойылған және ферма, қай фермада өсіргені туралы.
Дамыған елдердің тәжірибелерін зерттеу жануарлардың тіршілік айналымын соңғы өніміне дейін бақылау процессін автоматтандыруды жеке модуль және интеграция құру көмегімен өнімдердің биологиялық және тағамдық қауіпсіздігін көтеру мақсатында қолданыстағы ақпараттық ЕАСУ жүйелерімен (ИСЖ, тіркеулік нөмір, ветеринарлық сертификат беру), яғни жануарларды сататын базарлар, мал тегі өнімдері сатылатын базарлар, супермаркеттер, қайтаөңдеуші кәсіпорындары және тағы басқалары жүйеде ескерілетін болады.
4. Азық түлік қауіпсіздігі бойынша жеке уәкілетті органын – Қазтұтынушылыққадағалауды құру
Тұтынушылық рыногының ыдыраңғы мемлекеттік реттелуі, Қазақстандағы тауарлардың сапасын қадағалау бірнеме мемлекеттік органдарының іске асыруы Қазақстан Республикасы Тұтынушылық қадағалау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігін құрудың алғышарттары болып табылды.
Мысал ретінде, Ресейдегі бақылаудың бірыңғай органының функцияларын Роспотребнадзор, Францияда – ANSES іске асырады. Франциның тәжірибесі қауіп қатерді бағалау функциясын (ANSES) және қауіп қатерді басқару функциясын (бейіндік Министрліктер) бөлу туралы ұсынысты әзірледі. Ел ішінде азық түлік қауіпсіздігін және импортталатын және отандық тауарлардың сапасын қамсыздандырудың кешенді реттелуін іске асыратын бірыңғай унифицирленген иерархиялық құрылымды құру қажет.
Азық түлік қауіпсіздігі саласында ішкі және сыртқы қауіп қатерді бағалауын және оны басқаруын, мемлекеттік саясатты түзу және оны іске асырылуын, экономиканың тікелей бағынушы бағытарының дамуын салалық Министрліктер жүргізеді. Министрлік уәкілетті орган ретінде экономикалық көрсеткіштерді дамытуға, процесстерді реттеу үшін заңдарды және нормативтік құжаттарды әзірлеуге бағытталуы тиіс болғандықтан, аталған мәселенің жұмысырын сапасын, жанжақты жіне терең талдау жіне оны шешу жұмыстарын төмендетеді.
Азық түлік қауіпсіздігінің ішкі қауіп қатерін бағалаудың талдауын арнайы құрылған мемлекеттік органда Қазтұтынушылыққадағалауда жүргізіп, ал мемлекеттік саясатты құру және қауіп қатерді басқаруды Министрліктер (АШМ, ҚР денсаулық сақтау министрлігі, ҚР индустрия мен сауда министрлігі) арқылы жүргізу ұсынылған.
Азық түлік сапасының әлемдік стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерін қайта қарастыру қажет.
Білікті персоналы бар республикалық, сонымен қатар өңірлік (облыс, аудан) сынақ зертханаларының сапалы жүйесін дамыту қажет.
Сауда объектілеріндегі жеке зертханалардың құрылымын қайта ұйымдастырып, кейіннен оларды Қазтұтынушылыққадағалауға тапсыру қажет.
5. Тамақтану мәдениетін насихаттау бойынша мемлекеттік бағдарламасы
Технологиялардың белсенді дамуына байланысты бір қатар елдерде табиғи өнімдердің алмастырғыштарының жасанды түрлерін қолдануда, бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және оның сапасының төмендеуіне алып келеді, әрі мұндай өнімдер ҚР аумағына импортталады.
Отандық өндірушілердің көпшілігі Кеңес одағы уақыты кезіндегі технологияларды қолданады (табиғи шикізаттар және ингредиенттер қолданылады), мұндай әрекет өнімдердің өзіндік құнын көтереді және отандық өнім бағасы бойынша бәсекелестікке қабілетсіз болып табылады.
Арзан сапасыз тауарға шектеу қою жолымен отандық өндірушілерді қолдау, отандық өндірушілердің тауарларының сапасына бақылауды күшейту қажет.
Сонымен қатар тамақ қауіпсіздігінің мәселелері бойынша Үкімет қоғамға ақпараттандыруды қамтамасыз етуі қажет, мұндай кезде сапасыз өнімнің анықталуы туралы деректерді БАҚ кең түрде хабарлап отыру, тұтынушыларға кеңес жүргізу және түсіндіруде – тамақтану мәдениетін насихаттау бойынша мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажет.
Импорттық құс шаруашылығы өнімдерін тексеру бойынша ВБҚК және ТРМК бірігіп жүргізілген рейдтер туралы жетекші республикалық және жергілікті телеарналар бойынша көрсетілді, республикалық баспаларда жарияланды.
Көрсетілген шаралардың қоғамдық ортада едәуір маңыздылығы болды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірге еліміздің барлық аумағында сапасыз импорттық ауыл шаруашылығы өнімдерін анықтау бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.
Бірақ-та сондай-ақ өндірушілердің өздерінің азаматтық жауапкершіліктерін көтеру қажет – өйткені тиімді бақылауды қамтамасыз етудегі маңыздылықтың негізі, бақылауды кәсіпорындардың өздеріндегі сапасын басқару бойынша жүйесі болып табылады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus