Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жер комиссиясы бір аптада бірнеше өңірге баруы мүмкін

Жер комиссиясы бір аптада бірнеше өңірге баруы мүмкін

Жер реформасы жөніндегі комиссия өңірлерге нақты шешіммен баруға келісті.

Естеріңізге салайық, бүгін комиссия мүшелері кезекті отырыс барысында 3 сауал бойынша пікір алмасты. Жерді жалға беру шарттарын қайта қарау, шекара маңындағы жерлердің қандай қашықтықта болу керектігі және жайылым мәселесі бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Комиссия төрағасы Асқар Мырзахметов бүгінгі күнге дейін біраз пікірлер тыңдалып, ұсыныстар ескерілгенін айтты. Енді оларды бір жүйеге келтіріп, нақты шешімдер шығару керек. Мұнымен қоса, ұсыныс бойынша комиссия мүшелері ендігі жерде топтаса жұмыс істеп, апта сайын бір емес, бірнеше өңірді қамтуы мүмкін.

Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі:

– Бүгінгі айтылған ұсыныстардың барлығын ескере отырып, бүгінгі күнге дейін істелінген жұмыстың бәріне қоса, енді келесі аптада біз өңірге баратын болсақ, арғы отырысқа қандай нақты шешім қабылданғаны жөнінен тағы қарасақ. Бүгінгі формат көрсетіп отырғандай, арасында комиссияның отырысын осы Астанада осындай денгейде өткізіп, нақты туындаған мәселелер бойынша белгілі шешімге келіп, сол шешімдер бойынша келесі өңірге барған кезде, соны айтып отырсақ, меніңше осы дұрыс.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus