Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

«ҚазАгро» ұлттық холдингі шаруалардың кооперативтерге бірігуін ынталандыруды жалғастыра береді
«ҚазАгро» ұлт­тық холдингінің отан­дық аграрлық-өнер­кәсіптік кешенді коо­пе­рацияның негізінде ша­руашылықтарды бірік­тіру бойынша қанатқақты жобасы жүзеге асы­рылып отыр. Жобаға қатысушылардың бірі – Ақмола облысындағы «Өңірлік Астық Холдингі» ЖШС бұл қызметтің нәтижесі мен болашағының кең тынысты болатынына сенімді. Соған сәйкес 2016 жылы бірлестік жаңа қатысушылар есебінен егістік алқаптарын 360 мың гектардан 1 млн. гектарға дейін кеңейтуді қолға алмақ.
Шаруашылықтарда кепілдік негізінің жетіспеушілігі, кей уақытта тіптен болмауы көп­те­ген ауылшаруашылық тауар өн­діру­­­шілерінің қаржы алуына қиын­дықтар туғызатын басты себеп­тердің бірі еді. Несие ресурстары­ның тапшылығы ауылдағы шағын және орта бизнестің басқа түйт­кілдерінің – осал техникалық жарақ­талуы мен өндірістің ұсақ іс­термен айналысуының алғы­шар­тына айналғаны жасырын емес еді.
«ҚазАгро» ұсынған шешім кооперация және ынтымақты жауап­кершілік қағидаттары бойын­ша астық өндірушілерді бірік­тіруді болжайды. Ұлттық хол­динг өзінің ниетін екінші деңгейдегі банктер арқылы осындай бірлестіктерді кепілзатсыз қаржыландырудың жаңа сызбасын әзірлей отырып растады. Шын мәнінде «ҚазАгро» мұқият зерттеуден кейін Қазақстан топырағында аграрлық саладағы кооперацияның әлемдік тәжірибесін сынақтан өткізді. Отандық холдингтің бастамасы 113 шағын және орта шаруашылықтың жұмысын ширатып, соның арқасында олар 2015 жылдың басында көктемгі егіс науқанының алдында үш өңірлік кооперациялардың шеңберінде бірікті. Республиканың не­гіз­гі ас­тықпен айналысатын аймақ­тарында – Солтүстік Қазақстан, Қос­танай және Ақмола облыстарында ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің кооперацияларында қанатқақты жобаны іске асыру басталды.
«ҚазАгроның» инновациялық шешімінің мәні – шаруалар бірі­гіп кепілзат ұсынбай-ақ несие қаражаттарын алады. Қаражатты қайтару кепілдігі кооператив мүшелерінің бір-бірінің алдындағы жауапкершілігіне айналады. Сондықтан да қа­ты­сушылар бірлес­тікті алғашқыда аг­рар­лық саладағы жұ­мыс тәжірибесінің, шаруа­шылықтардың жағымды несиелік жай-күйін ескере отырып құрды.
Осыған байланысты «ҚазАгро» әзір­леген сызба негізінде бірлес­тіктер коопера­ция және ынты­мақты жауапкершілік қағи­датында ұйымдастырылады. Олардың қаты­сушыларының қатарына алғашқы кезеңде астық өндірушілер кіреді. Бұл ретте кооперация қағидаты өзін өзі басқару, бірлескен қызмет және қатысушылардың бәрінің теңдігі («бір қатысушы – бір дауыс») сақталады. Оған мүшелердің ынты­мақты жауапкершілігі қатысу­шылардың бірлестікке астық жеткізу жөніндегі міндетте­мелеріне таралмайды. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ бірлестік астықты тиянақталған бағамен жеткізгеннен кейін төлеу арқылы белгілі бір бидайдың көлемін сатып алу шартын жасайды. Атал­ған көлем бірлестік қаты­сушыларының арасында олар­дың бірлестіктен егін егу және жинау науқандарына алған қаражаттарын қайтару бойынша міндеттемелерінің шеңберінде бөлінеді. Бірлестік дербес заңды тұлға ретінде «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-қа бидай өткізу кепілдігімен ЕДБ-ден кепілзатсыз қарыз тартады. Қарыз қаражаты бірлестік мүшелері арасында көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізуге бөлінеді. ТМҚ орталықтандырылған көтерме сатып алу бірлестік қатысушылары үшін жеңілдік алуға мүмкіндік береді.
Егер шартта белгіленген ба­ға­дан бидайдың нарықтағы бағасы асып кеткен жағдайда, бір­лестік бидайды нарықта сатып пайда алуға құ­қы бар. Нарықтағы баға шарт бойынша бел­гі­­ленген баға­дан түсіп кетсе, онда бірлестік «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-қа бидайын өткізеді.
Мұндай сызбаны Ауыл шаруа­шылығы министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның фермерлер одағы қолдады. Кооперативке кірген шаруашылық басшыларының айтуына қарағанда, бірлестік­терге қатысу фермерлер үшін бірқатар артық­шылық береді. Ең бастысы – көктемгі егіс жұмыстарын кепілдіксіз қаржыландыруға қолжетімді және тұқымды, тыңайтқыштарды, қосалқы бөлшектерді, ЖЖМ-ны көтерме сатып алудың есебінен ең арзан бағамен алуға болады. Бұдан басқа бірлестік ұсынатын қызметтерді алуға мүмкіндік туады. Әңгіме корпоративтік машина-трактор станциялары, астық қоймалары және басқалар турасында екендігі анық.
– «Өңірлік Астық Холдингі» ЖШС «ҚазАгро» ұлттық холдингі қолдауының арқа­сында осы жылы өнім өткізуге және банктер алдындағы міндеттемелерді өтеуге бұл жоба толық іске асты, – дейді Ақмола облысындағы кооператив директоры Ербол Ташенов. – Бірлестіктің құрамында қазіргі таңда 52 қатысушы бар, олар 360 мың гектар жерге егін егеді. Ал 2016 жылы «Өңірлік Астық Холдингі» ЖШС өз құрамын 100 қатысушыға дейін көбейтуді ұйғарып отыр. Шаруалардың жалпы өңдейтін жерлері 1 млн. гектарға дейін ұлғаяды.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus