Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қызылордада алғаш рет ет өндіретін құс фермасы ашылды

Қызылордада алғаш рет ет өндіретін құс фермасы ашылды

9ca8866da8e573d71e80805fa3d29fda_L
Сыр өңірінде құс шаруашылығын дамытуға айрықша назар аударыла бастады.

Қызылорда қаласында өңірде алғаш рет ет өндіретін қаз бен үйрек фермасы ашылды. Мұнда үй құстарының «Линда», «Агидель» және «Пекин» деген түрлері өсіріледі. Жалпы құны 60 миллион теңге болатын жоба аясында енді ағымдағы жылдың аяғына дейін10 мың жұмыртқадан балапан шығару жоспары да бар.

«Жан Арай» шаруа қожалығына осыдан бір ай бұрын 3 мың дана жұмыртқа әкелініп, қазір одан 2600-дей балапан шығарылды. Оның 660-ға жуығы – қаздың балапаны, қалғаны – үйректер. Жұмыртқадан шыққанына 20 күннен енді асқан балапандарға дәрумен беріліп, арнайы жемделу үстінде.

Нұрдәулет Мұқанұлы, құс өсіруші:
– Біз балапандарды күнделікті 3 мезгіл жемін, суын үзбей беріп отырамыз. Өйткені бұлар суға көп бағынышты болғаннан кейін тұрақты су-жем беріп отыру керек. Бұларды арнайы қадағалауда ұстау керек. Себебі олар әлі өте нәзік.

Үйрек пен қаздың жұмыртқалары инкубаторлық сандықшада бастырып шығарылады. Әрбір жұмыртқаның температурасы мен ылғалдылығын инженер-технолог Қуат Шәкизадаев үнемі қадағалап жүреді. Өйткені бұл жобаны жүзеге асыруға ол 2 жылдан бері күш салып келеді.

Қуат Шәкизадаев, жоба авторы:
– Межеленген салмағына келген кезде үйрек 4 келі болғанда, қаз 7 келі болған кезде ішіндегі қораздарын алып, сойып, одан жартылай фабрикат жасап, облыс халқына ұсынамыз деген жобамыз бар.

Алдағы 10-15 күнде қанаттылар Айдарлы ауылы маңыңдағы көлге жіберіледі. Шаруа бірер айда құс өнімдерін сауда сөрелеріне шығаруды жоспарлап отыр.
Авторлары: Қамбар Бекенов, Әлхайдар Тұрлыханов

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/otandy-nimdi-satyp-al/item/121130-h-ne-jrek-fermasy-ashyldy

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus