Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қызылорда облысында үрмелі бөгеттің құрылысы басталды

Қызылорда облысында үрмелі бөгеттің құрылысы басталды


Қызылорда облысында екінші үрмелі бөгеттің құрылысы басталды. Мұндай гидроқұрылғы бұрын Жаңақорған ауданында іске қосылған болатын. Енді Шиелі ауданындағы магистральды каналға да,,, осындай бөгет қойылатын болды. Жоба құны 1 миллиард 400 миллион теңге. «Осы құрылысты темір-бетоннан салар болсақ, тым қымбатқа түсер еді», – дейді мамандар. Олардың айтуынша, полимерлісинтетикалық материалдан жасалған бұл бөгет су деңгейін реттеуге және үнемдеп пайдалануға сеп болады. Құрылыс аяқталғаннан кейін 27 мың гектар жерді су тапшы болған жағдайда да еш қиындықсыз суландыруға болады екен. Ислам Әбішов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы: – Егер мұндай жерге қарапайым бөгет салсақ, оның құны 13 млрд теңгеге шамаласып қалады. Біз бұл мәселені 1 млрд 400 миллион теңгемен шешеміз. Олардың негізгі функциялары бірдей, бірақ құрылысты әдеттегідей 2,5 жыл емес 3 айда бітіреміз. Бұл қай жағынан да тиімді жоба.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus