Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Семейде Ертіс өзеніне бекіре балықтары жіберілді

Семейде Ертіс өзеніне бекіре балықтары жіберілді

95f182233adad2401d1be7ac24d2c8b6_L
Олар 2014 жылдан бері Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің «Агротехнопарк» ғылыми орталығында өсірілді.

Екі жарым жылда балықтың Ертіс аймағында өсуі, қоректенуі, бейімделуі жан-жақты зерттелді. Бұл жоба елімізде қабылданған аквамәдениетті дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асып отыр. Жалпы Ертіс өзенінде Сібір бекіресі ерте заманнан мекендеген. Дегенмен ғалымдар өткен ғасырдың 60 жылдары шектен шыққан браконьерлік пен экологиялық ахуалдарға байланысты құнды балық толық құрып кетті дейді.

Балнұр Ахметова, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі:
– Агротехнопарк кешенінде өсірілген 50 балықтың 15-і Ертіс өзеніне жіберілді. Қалғаны тоғандарға, арнайы келісім-шартпен жіберіліп, ары қарай олардың өсіп дамуы ұзақ мерзімде зерттелетін болады.


Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/124838-bekire-baly-tary-zhiberildi

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus