Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар СҚО-да «Таза су айдыны» акциясы аяқталды

СҚО-да «Таза су айдыны» акциясы аяқталды

d649d667c714e07c706afb096ef20fc9_XL
Табиғат қорғаушылары бір ай бойы өзен-көлдерді күл-қоқыстан тазартты.

Олар бұл жолы Есіл өзеніне шығып, жағалауды ретке келтірді. Игі шараға жауапты қызметкерлер, студенттермен қатар серуендеп жүрген балалар да қатысты. Барлығының мақсаты – қоршаған ортаны қорғап, қоғамның назарын тазалыққа аудару. Өйткені адамдардың дені табиғат аясында демалып, өздерінен қалған қалдықтарды бей-берекет шашып кететін көрінеді. Бұл акцияны су қоймаларын жалға алушылар да ұйымдастырды.

Жаслан Сәулембеков, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы бөлімінің бас маманы:
– Қоқыс өте көп. Жарты сағат уақыт ішінде 1 көлік қоқыс жинап жібердік. Бұл қоқысты тастап жатқан өзіміздің қаламыздың тұрғындары, демалуға келгендер. Барлық қала тұрғындарын, демалушыларды қоқысты тастамауға шақырамыз.


Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/122557-taza-su-ajdyny-aktsiyasy-aya-taldy

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus