Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Премьер-министрі СҚО-дағы агроқұрылым жетекшілерімен кездесті

ҚР Премьер-министрі СҚО-дағы агроқұрылым жетекшілерімен кездесті

40 млрд теңге. Бұл биыл петропавлдық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер шығарған өнімнің кірісі.

Бұл туралы Премьер-министр қатысқан республикалық кеңесте айтылды. Олар агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерін талқылады. Ел қамбасының үштен бірін астыққа толтыратын Солтүстік Қазақстан диқандары биыл 4 млн гектардан астам алқапқа дәнін сіңірді. Тың технологияларды уақытылы жүргізген шаруалар күзде жақсы өнім аламыз деген үмітте. Теріскейге келген Үкімет делегация мүшелері Айыртау ауданында өңірдің агроқұрылым жетекшілерімен кездесті. Жиын барысында субсидия жүйесін жетілдіру, шаруаларға қаржылық қолдау көрсету мәселелері сөз болды.

Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі:

– Қазіргі таңда астықты зиянды өсімдіктерден қорғайтын перепараттарды сатып алу үшін 5 млрд теңге бөлінеді. Оның 1,5 миллиарды ғана осы мақсатқа пайдаланылса, қалғаны оны тасымалдап, өңдеуге және сақтауға жұмсалады. Біз жаңа реформаның арқасында осыған баса назар аударып отырмыз. Нәтижесінде тауар өндіруші өзі таңдаған кез-келген препаратты сатып алу мүмкіндігіне ие.

Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын дала жұмыстарына 39 мыңнан астам техника шығады. Өңірде комбайн, трактор шығаратын бірнеше кәсіпорын жемісті жұмыс істеп тұр. Премьер-министр ауыл шарушылығы техникасын шығарумен айналысатын былтыр ғана ашылған «КазТехМаш» зауытында болып, атқарылған жұмыстарымен алдағы жоспарларымен танысты.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus