Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Премьер Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс-сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды

ҚР Премьер Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс-сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша отырыс өткізді.

Отырысқа орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының басшылары, агробизнес субъектілері мен бизнес қауымдастықтары, «Атамекен» ҰКП және т.б. бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Аграрлық саланың ахуалы мен даму перспективалары бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов баяндама оқыды.

Ол өз сөзінде Мемлекеттік бағдарлама аясында саланың рентабельділігін арттыруға қажетті барлық шаралардың қолға алынып жатқандығын атап өтті.

Айталық, ағымдағы жылы сұранысқа ие дақылдардың егістік аумағы 1 млн. 348 мың га. артты. Өз кезегінде, бұл көрсеткіш тиісті бағдарламада жоспарланған көрсеткіштен 340 мың га артық.

Биылғы жылдың жүзінде ғана жүзеге асырылған әртараптандыру үдерісі жоғарыда аталып өткен өңірлердегі майлы тұқым өндірісін 1,3 есеге, дәнді-бұршақты дақылдарды 2,3 есеге, жем-шөпті 1,2 есеге арттырмақ.

Биыл сапалы өнім алу үшін тиісті тұқымдық материал болу керектігі ескеріліп, бірегей және асыл тұқымдарды субсидиялауды қайта қалпына келтіруге бағытталған жүйелі шаралар қолға алынды және субсидиялауды минималдау нормалары алынып тасталды. Былайша айтқанда, тұқым шаруашылығын қаржыландыру 3,3 есеге артты.

Сондай-ақ, биылғы жылы қолға алынған шаралардың нәтижесінде сапалы тұқым егу барысы 1,5 есеге артты.

Айта кетейік, биылдан бастап тұқым шаруашылығы техникасы құнының 25%-ы өтеп беріледі. Ағымдағы ахуалды түбегейлі жақсарту үшін мемлекеттік бағдарлама аясында 2018 жылдан бастап тұқым шаруашылығы техникасы шығындарын 50%-ға дейін өтеу нормативі қарастырылған. Бұл алдағы үш жылдың көлемінде техникаға деген қажеттілікті толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

«Бұған дейін қолданылып келген тыңайтқыштарды енгізу үдерісі орташа алғанда қажеттіліктің 10% қамтудан аса алмайтын және де бұрынғы субсидиялау механизмдері олардың талап етілетін көлемде енгізілуіне ынталандырмайтын. Осыған байланысты, мемлекеттік бағдарлама аясында тыңайтқыштардың минимальды нарықтық бағасын абсолютті көрсететін нақты нормативтерді бекіткен жаңа схема қолданысқа түсті», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Субсидиялау тетіктерін қайта қараудың нәтижесінде ағымдағы жылы 409 мың тонна тыңайтқыш алынды. Бұл былтырғыдан 1,5 есеге көп және де аталған көрсеткіш бірнеше жылдан бері тұңғыш рет қажеттіліктің 14%-ын құрамақ.

Қазіргі таңда аса қауіпті залалды ағзаларға қарсы 3,3 млн. га аумақ өңдеуден өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама аясында келер жылдан бастап тасымал, сақтау және пестицидтерді қолданумен қатар қаражаттың барлық көлемін бөлуді қарастыратын жаңа схеманы іске қосу қарастырылды. Яғни, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің препараттар алудағы шығындары құнының 40% көлемін субсидиялау мүмкін болмақ. Бұл да фермерлер мен шаруаларға өздері қалаған пестицидті уақытылы алып отыруға мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, бұл препараттар иелену мен өңдеу қызметі бойынша мемлекеттік сатып алуларға тәуелділіктен құтқарады. Ең бастысы, бұл жағдай өңделетін аумақты 2 есеге (2,1 млн. га-дан 4 млн. га дейін) арттыруға мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығын тиімді субсидиялау есебінен ет өндірісі бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша 5,2%-ға, ал сүт – 2,9%-ға артты.
Субсидиялаудың жаңа жүйесінің енгізілуіне байланысты мал шаруашылығының түрлі бағыттары бойынша субсидия алушыларды қамтудың мүмкіндіктері молайды және де бұл аграрлық сала дамуының жағымды динамикасын үдетуге мүмкіндік берді.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың негізгі әдістемесінің бірі – шағын және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперацияларына тарту болып табылады.
2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 487 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.

Оның ішінде, сүт әзірлеу бойынша 168, ет өндіру және әзірлеу бойынша 261. Сондай-ақ, 26,2 мың ірі қара малға арналған 1580 отбасылық мал бордақылау алаңдары тізбегі салынды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлы өндірісіне 53,5 мың ЖҚШ мен шағын шаруашылық тартылды. Қазіргі таңда кооперативтермен 25 мың тонна сүт пен 8 мың тонна ет даярланды.

АӨК өнімдерін экспорттау көлемін арттыру бойынша Мемлекет басшысы тапсырмасын орындау аясында, ел Үкіметі аталған бағытта бірқатар шаралар кешенін жүзеге асыруда.

Отандық экспортты ілгерілету үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ сыртқы нарықтарға барлық ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын оператор ретінде қайта құрылды. Ендігіде ол тек қана астықпен ғана емес, өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерімен айналысады. Мысалы, ағымдағы жылы 650 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жоспарлануда.

Тағы бір атап өтерлік жайт, Елбасының ҚХР басшылығымен келісімдерінің арқасында қытай нарығы біздің балық шаруашылығы, қой, ара мен жылқы және кебек өнімдеріне ашық.

БАӘ-не ірі қара мен ұсақ мал жеткізу кедергілері алынып тасталды. Парсы шығанағы, Иран елдерімен келіссөздер аяқталуға таяу.

Қайта өңдеу өндірісін кешенді дамыту мақсатында қайта өңдеуші кәсіпорындардың Картасы жасалып, талдаудан өтті.

Нақты бір мақсатқа бағытталған орталық топтар құрылды. Бұл қайта өңдеудің 9 түрі – ет, сүт, көкөніс пен жеміс, майлы және бидай дақылдары, картоп, қант қызылшасы мен тері мен жүн бойынша құрылды.

Аталған Карта негізінде шикізатты жинау 100 шақырымға дейінгі қашықтық аралықығында кооперативтерден алынатын болады.

«Қолға алынған шаралар мен жаңа субсидиялау механизмдерінің арқасында ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында азық-түлік өндірісі 7,5%-ға артты, ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3,1%-ға артты», – деп түйіндеді өз баяндамасын Вице-премьер.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus