Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Атырау бекіре балық өсіру зауыты 2015 жылдың сала көшбасшысы атанды

Атырау бекіре балық өсіру зауыты 2015 жылдың сала көшбасшысы атанды

Ұлттық бизнес-рейтингпен өткізілген статистикалық саралау нәтижесінде ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты Атырау бекіре балық өсіру зауыты 2015 жылдың сала көшбасшысы атанды, ал зауыт директоры таңдаулы басшысы номинациясын иеленді.
Кәсіпорын «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша жыл сайын су айдындарына балық жібереді.
Атырау бекіре балық өсіру зауыты 2015 жылға арналған мемлекеттік тапсырысты орындап, Жайық өзеніне бекіре балығының 3,5 млн. дана шабағын жіберді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E:minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus