Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Отандық кәсіпорындар сүтке деген сұранысты қамтамасыз етіп отыр

Отандық кәсіпорындар сүтке деген сұранысты қамтамасыз етіп отыр

Қазақстанда сүт-тауарлы 3 ферма салынады. Олар бір тәулік ішінде 210 тонна сүт өнімін өндіру тиіс. Ақтөбе, Алматы және Ақмола облыстарында жүзеге асатын жобаларға шетелдік серіктестерді тарту да жоспарда бар. Жалпы бүгінде отандық кәсіпорындар ішкі нарықтың сүтке деген сұранысын 95 пайыз қамтамасыз етіп отыр. Қазақстанда шығарылған айранның да үлесі көп. Сары май 60 пайыз болса, ірімшікпен қамтамасыз ету 50 пайыз. Жаңа өндіріс ошақтары ашылған кезде, отандық үлес арта түседі. Бұл туралы еліміздің Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы жылдары Елбасының «100 нақты қадамын» жүзеге асыру бағытында салаға стратегиялық инвесторлар тартылады. «Ұлт жоспарының 60-шы қадамында аталған бағытқа басымдық берілген», – деді вице-министр. Айта кету керек, Қазақстанда былтыр 5 млн тонннадан астам сүт шығарылған. Сүт өңдеу тауарлары өндірістің 40 пайыз үлесін алады. Жалпы елде 183 өңдеу кәсіпорындары бар. Ермек Көшербаев сондай-ақ саланың түйткілді тұстарына да назар аударды. Ермек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары -Қазіргі таңда келесі проблемалар бар бізде. Біріншіден, қаржыландырудың жетіспеушілігі және қолжетімсіздігі. Екіншіден, өнімді өткізу және ішкі нарықты қорғау қиыншылықтары. Үшіншіден, салық алу, салық салу. Төртінші – өндірістің төмен тиімділігі. Бесінші – ауыл шаруашылығы кооперациясының дамымаушылығы.

Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/29073-otandyk-kasiporyndar-sutke-degen-suranysty-kamtamasyz-etip-otyr

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus