Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Киіктердің қырылуы тоқтады

Киіктердің қырылуы тоқтады


Мамыр айының 10-нан басталған киіктердің жаппай қырылуы тоқтады. Бүгін дала тағылары қынадай қырылған 3 облыстан мұндай хабар келіп түскен жоқ. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев біздің арна тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті. Сала мамандарының айтуынша, киіктер қырғынына «пастерелез» кінәлі деген қорытынды шықты. Алайда «пастерелез» деген пәленің қайдан пайда болғаны әлі белгісіз. Енді бұл мәселе халықаралық деңгейде зерттеледі. Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары – Бүгінгі күні Қостанай облысының Амангелді, Жанкелді аудандарында 81 000 киікті біз көмдік. Оның ар жағында Ырғыз өңірінде Ақтөбе облысындағы 3380 бас бүгінде көмілді. Мынау Ақмола облысында соңғы 4 күн ішінде 4200 бас жоғалтып алдық. Бүгінгі күнге нақты толық мәлімет алдық, нақты ауру ол – пастерелез. Бірақ сол пастерелездің үдеп кетуіне не себеп болғанын бүгін біз бәріміз жабылып, білуге тиіспіз.
Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/24726-kiikterdin-kyryluy-toktady

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus