Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Киіктердің қырылу себебі әлі анықталған жоқ – Е. Нысанбаев

Киіктердің қырылу себебі әлі анықталған жоқ – Е. Нысанбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғалымдар киіктердің қырылуына бірде-бір нақты себеп айта алмады. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылық вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті.
“Экспедициялық жұмыстарды негізгі қатысушылар – Білім және ғылым министрлігінің, Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының, Зоология институтының, Ботаника институтының ғылыми мекемелері қызметкерлері өткізді. Сонымен қатар Ұлыбританиядан – Британ ветеринариялық колледжі және Германия ғалымдары келді. Біз теxникалық көмек ұйымдастырдық, көлікпен қамтамасыз еттік. Экспедиция Байқоңырдан басталып, Қостанайға дейін 1600 шақырымға созылды, жалпы ұзақтығы 12 күн өтті”, – деді Е.Нысанбаев.

Оның сөзі бойынша, жол жөнекей жер, су, өсімдік үлгілері алынып отырды. Дегенмен аталмыш зерттеуден министрлік еш жауап таппады.

Вице-министрдің айтуынша, киіктердің жаппай қырылуына себеп болған жайттың белгісіз болуы басты бас ауруға айналды. Себебі онсыз келесі жылы да бұл нәубеттің жолын тыюға мүмкіндік жоқ. Пастереллез ауруы бұған себеп ретінде қарастырылғанымен, ғалымдар оған күдікпен қарайды. Сондықтан министрлік киіктердің қалған популяциясына қадағалауды күшейткен. Олардың көшу барысы бақыланып отырады.

Ақпарат көзі http://www.inform.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus