Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Көктемгі егіс науқанында топырақтың ылғал қоры оңтайлы деңгейде болады

Көктемгі егіс науқанында топырақтың ылғал қоры оңтайлы деңгейде болады

20140404182628«Қазгидромет» мәліметінше, биыл көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мерзімінде топырақтың ылғал қоры қанағаттанарлық және оңтайлы деңгейде болады.
Бұл туралы Астанада көктемгі егіс жұмыстарына арналған брифингте «Қазгидромет» АҚ Агрометеорологиялық болжау басқармасының басшысы Ерболат Мұқанов мәлім етті.

Ғалымдардың бағалауынша, 2014-2015 ауыл шаруашылығы жылының басы еліміздің негізгі астық себетін аймақтар үшін қолайлы болады. Шілде айындағы жауын-шашыннан кейін топырақтың күздік ылғалы мол болды, сонымен қатар қыста жеткілікті мөлшерде қар түсті. Осы орайда ҚР АШМ жиналған ылғалды сақтау мен оны тиімді пайдалану көктемгі дала жұмыстарын атқару кезінде маңызды міндеттердің бірі ретінде айқындалғанын атап өтуде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 21,5 млн. гектар алқапқа орналастырылмақ. Дәнді дақылдар 15,2 млн. гектарға, оның ішінде 2,2 млн. гектары майлы дақылдар, 3,7 млн. гектарға – жем-шөп, сондай-ақ 413 мың гектарға көкөніс дақылдары мен картоп егіледі.

inform.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus