Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Г. Исаева: «Экспо-2017» агротехнологиялар саласындағы инновациялар алаңына айналды

Г. Исаева: «Экспо-2017» агротехнологиялар саласындағы инновациялар алаңына айналды

Бүгін ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Халықаралық Экспо-2017 мамандандырылған көрмесінде ұсынылған инновациялық технологияларды Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені саласында қолдану туралы айтып берді.

Спикердің айтуынша, «Экспо-2017» тек әлемдік энергетикада емес, сондай-ақ көптеген өзге салаларда да, соның ішінде агротехнологиялар саласында инновациялар алаңына айналды.

«ҚР АШМ аса қызықты жаңа технологияларды іріктеу мақсатында арнайы жұмыс тобын құрды. Бұл топ бірнеше рет ауыл шаруашылығы саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларды таныстыруға қатысты семинарлар мен кездесулерге қатысты», — деді Г. Исаева.

Қазақстанда қолдану ықтималдығымен ауыл шаруашылығы үшін 15 елден 66 жаңа технология іріктеліп алынды. Олардың арасында ауыл шаруашылығы шығындарынан энергия және жанғыш материалдар алу, балдыр биомассасын, тыңайтқыштар алу технологиялары, дәнді-дақылдар өсіру технологиялары, ауыл шаруашылығы аймақтары үшін бейне-мониторингтің пилотсыз авиациялық кешендерін пайдалану және т. б. инновациялық жобалар бар.

Іріктеліп алынған технологиялар ғылыми-сараптамалық баға алу мақсатында «ҰАҒБО» КЕАҚ салалық институттарына жіберілді.

Сонымен қатар «Экспо-2017» аясында әлемдік жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарымен және әзірлеушілермен ынтымақтастық орнатылды. Көрме ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал ететін және Қазақстан мен өзге елдер арасындағы қарым-қатынасты жандандыруға көмек беретін заманауи инновациялық агротехнологияларды бағалауға үлкен мүмкіндік берді, деп сөзін түйіндеді Г. Исаева.

Дерек көзі: https://primeminister.kz/kz/news/all/gulmira-isaeva-ekspo-2017-agrotehnologiyalar-salasindagi-innovatsiyalar-alanina-ainaldi-15368

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus