Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Еліміздің 9 облысы аусыл ауруынан таза деп танылды

Еліміздің 9 облысы аусыл ауруынан таза деп танылды

9c0166dfc20ab25d36dc114a35e40482_M
Қазақстан ветеринария қызметін дамытудың үздік моделін жасап, барлық посткеңестік мемлекеттер үшін үлгі болып отыр. Бүгінде еліміздің 9 облысы аусыл ауруынан таза аймақ мәртебесін иеленіп, ауыл шаруашылығы және мал өнімдерін еркін экспорттау мүмкіндігін иеленді. Көршілес Ресей мен Қырғызстан және Беларусь Республикасы әлі бұл статусқа қол жеткізбеген екен. Бүгін халықаралық экзотикалық бюроның бас директоры Бернард Валла іссапармен Астанаға келіп, ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығын аралап шықты. Бернард Валла, Халықаралық экзотикалық бюроның бас директоры -Дүниежүзінде біздің 13 кеңсеміз бар, соның бірі – Астанада. Ол өздеріңізге ғана емес, барлық посткеңестік көршілес елдерге қызмет көрсетеді. Себебі жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Биыл Қазақстан аумағын аусылдан 100 пайыз таза мемлекет ретінде жариялау үшін өтінішін қарастырып жатырмыз. Гүлмира Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары -Бұл бюроның жоғары бағасы біз үшін өте маңызды. Алдағы уақытта бір ғана аусыл емес, ел ішінде қауіпті бруцеллез, лейкоз, құтыру сияқты тағы 8 кеселмен күресу жөнінде шешім қабылдадық. Ал Астанадағы бюро кеңсесінің мүмкіндігі кеңейіп, Азия ғана емес, Еуропаның кей елдеріне де қызмет көрсететін болады. Айта кетейік, еліміздің өтініші 2016 жылдың мамыр айында бюроның Парижде өтетін сессиясында қаралатын болады. Дауыс беруге ұйымға мүше 180 мемлекеттің өкілдері қатыспақ.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus