Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Елімізде үйірлі шегірткеге қарсы күрес басталды

Елімізде үйірлі шегірткеге қарсы күрес басталды


Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары мәлімдеді. Ведомство арнайы пестицидтерді Оңтүстік Қазақстан облысына жіберіп жатыр.

Марокко шегірткелерінің шығу ошағы алғаш болып Сарыағаш ауданында тіркелген. Қазір бұл өңірде мамандар зиянкестерді анықтап, таралуының алдын алуда.

«Биыл елімізде шегірткенің таралу аумағы азаяды», – деп болжануда. Зиянды жәндіктермен күрес шараларына бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді. Қазір олардың таралу қаупі жоғары 39 мың гектар жерде мониторинг жүргізіліп жатыр. Ал былтырдан бастап мамандар жаңа технологиялар да қолдануда.

Ержан Айнабеков, ҚР АШМ аумақтық инспекциясының бастығы

-Бүгінгі күні бұл жұмыс ОҚО Сарағаш ауданында басталды. Осы 11 сәуірден бастап марокко шегірткесінің жер бетіне шығуы тіркелді осы 2-3 күн болды. Бүгінде Сарыағаш ауданы 5 мың га жуық тексерілді. 20 анықтаушы жұмыс істеп жатыр.

Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/20017-elimizde-ujirli-shegirtkege-karsy-kures-bastaldy

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus