Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Балығымыз бағаланды

Балығымыз бағаланды

Ұлттық бизнес-рейтингтің қорытындысы бойынша Еркінқала елді мекеніндегі Атырау бекіре балық өсіру зауыты өз саласында биылғы жылдың көшбасшысы болып танылды.
Атырау өңірінде бекіре тұқымдас балықтарды жасанды түрде өсіретін екі зауыт бар. Осы бекіре өсіру зауыт­та­ры жыл сайын бекіре тұқымдас ба­лықтардың барлық түрінен 7 мил­лион шабақ өсіріп, жылына екі мау­сым­да оларды ақ айдынға жібереді.

Қазіргі уақытта бұл балық түрі тек қорғауды емес, оларды жа­сан­­ды жолмен ұрықтандыруды ұйым­дас­тыру арқылы санын көбей­туді қажет етіп отыр. Міне, дәл осы жұ­мыспен 1998 жылдан бері «Атырау бе­кіре ба­лық зауыты» айналысып ке­леді. Жыл сайын осы зауыттарда мем­ле­кеттік тапсырыс бойынша 7 млн ша­бақты Жайық өзеніне жібе­ре­д­і.
Еркінқаладағы «Атырау бекіре өсіру зауыты» РКМК директоры Ра­шид Қалидуллиннің айтуынша, ша­бақтарды өсіру – жыл санап тұ­қы­мы құрып бара жатқан бағалы бекіре ба­лығын сақтап қалудың негізгі жо­лы. Балықтың тарыдай ғана көлемді уы­лдырығынан жетіліп шығатын ша­бақтарды бағудың өзі ма­ман­дар үшін аса оңай жұмыс емес.
Десек те осынау еңбек бүгінде ба­ға­ланып, Ұлттық бизнес-рейтинг­тің қорытындысы бойынша «Атырау бе­кіре балық өсіру зауыты» өз сала­сын­да биылғы жылдың көшбасшысы бо­лып танылып, «2015 жылдың үздік бас­қарушысы» аталымында осы зауыт­тың директоры Рашид Қа­ли­дуллин жеңімпаз атанды.
Айтарлығы, биыл «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» балықшылары сал­­мағы 140 келі болатын үлкен қорытпаны ауға түсірді. Қазіргі күні су астында алған дене жарақаттарын ем­деген мамандар балықты арнайы то­ғанда баптап отыр. Қазір аса кү­тім­дегі балықтың салмағы 145 келіге жет­кен. Мамандар келесі жылы ар­найы бағымдағы балықтан ұрпақ кү­туде.
Тұрсын ҚАЛИМОВА, Атырау облысы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus