Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қазақстанда жылына 5 млн литрден астам сүт өндіріледі

Қазақстанда жылына 5 млн литрден астам сүт өндіріледі

Оның 40%-ы ғана өңделеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

Сүт өңдеу көлемін арттыру үшін қандай шаралар қолға алынуда?

Қарасай ауданында орналасқан «Медеу Коммерц» сүт-тауарлы фермасы 780 бас сиырға арналған. Голштинофриз тұқымды Зеңгі баба төлі бірнеше жыл бұрын Канададан әкелінген.

Қазақта «Сиырдың сүті – тілінде» деген нақыл сөз бар. Сиырлар тәулігіне 28 литр сүт береді. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Мұндай мөлшерде сүт алу үшін ең алдымен малдың жем-азығын дұрыс жолға қою керек.

Қазір фермада 65 адам жұмыс істейді. Жақын күндері сүт өңдеу цехы іске қосылып, тағы 25 адам жұмыспен қамтылады.

Шаруашылық әзірге өнімді көрші аудандағы «Данон-Бүркіт» зауытына өткізеді. Бұл екі жаққа да тиімді. Жалпы, елімізде үлкенді-кішілі 200 сүт өңдеу зауыты жұмыс істейді. Зауыттардың ауыл тұрғындарынан сүт алуын ынталандыру үшін былтыр Салық кодексіне өзгертулер енгізілді.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
– Егер бұрын заңды тұлға қосалқы шаруашылықтан шикізатты сатып алған болса, ол 10% салық төлеуге мәжбүр болатын. Қазір одан босатылды. Екіншіден, алғашқы қосымша құн салығы проблемасын шештік.

2020 жылға дейін еліміз бойынша 212 сүт қабылдау пункті ашылады. Бұл шара шикізаттың сапасын жақсартумен бірге шалғайдағы шаруалардың өнімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болып, болашақ сала мамандарымен жүздесті. Оқу орнының материалдық базасымен танысты. Авторлары: Ұлан Нарынбек, Нұрдәулет Жақсыбаев

Источник: 24.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus