Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстанда шетелдiк инвесторлардың қатысуымен 15 жоба әзiрленіп жатыр

Қазақстанда шетелдiк инвесторлардың қатысуымен 15 жоба әзiрленіп жатыр

213c96dff012d
Қазақстанда шетелдiк iрi инвесторлардың қатысуымен 15 жоба әзiрленіп жатыр. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен «АӨК қолдау бойынша мемлекеттiк шаралар» тақырыбындағы баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Қазiргi уақытта, жоғарғы қосылған құнды қамтамасыз ететiн сала ретiнде қайта өңдеу өнеркәсiбiн дамыту белгiлендi. Осыған байланысты, Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVI съезiнде берген тапсырмасын орындау мақсатында министрлiк шетелдiк iрi инвесторлардың қатысуымен 15 жоба әзiрлеп жатыр. Бұл капиталға тiкелей шетелдiк компаниялар қатысатын жобалар. Аталған жобалардың құны шамамен 190 млрд теңге. Еттi қайта өңдеу және еттi мал шаруашылығында 4 жоба, 60 млрд теңгеден астам қаражатқа 3 құс фабрикасын салу жоспарланып отыр. Бұл бiзге импортты елу пайызға төмендетуге мүмкiндiк бередi. Сондай-ақ сүт өндiру және қайта өңдеу, май өнiмдерiн өндiру және дәндi дақылдарды терең қайта өңдеу бойынша бiрқатар жоба жоспарланып отыр», – дейдi министр.

А.Мамытбеков мәлiм еткендей, аталған 15 жоба бойынша елiмізде майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша 3 зауыт салу жоспарланып отыр.

«Мысалы, «ЕуразияАгроХолдинг» ЖШС-да мүйiз, терi, тұяқ секiлдi қалдықтарды қайта өңдеу желiсiн қоса алғанда, жылына 17 мың тонна еттi қайта өңдеу қуаты бар кешен салынады. Өздерiңiз бiлетiндей, егiн шаруашылығындағы пайдаланылмай жатқан жерлердi әртараптандыру нәтижесiнде бiзде майлы дақылдардың аумағы артып келедi. Өткен жылы Қазақстанда алғаш рет майлы дақылдардың аумағы 2 млн гектардан асты. Сондықтан, бiзге майлы дақылдарды қайта өңдеп, оны саудаға шығаруды дамыту керек. Жоғарыда аталған 15 жобаның iшiнде майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша 3 зауыт бар. Ол жылына 1 млн тонна майлы дақылды қайта өңдеу мүмкiндiгiн бередi», – дейдi А.Мамытбеков.

Ақмарал ШАҒАТАЙ

Источник: http://bnews.kz/kk/news/post/266183/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика