Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты төмендеп, экспорты артқаны байқалады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты төмендеп, экспорты артқаны байқалады

1581430 АСТАНА, 8 мам – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты төмендеп, экспорты артқаны байқалады,деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

“Алғаш рет еліміз тәуелсіздік алғалы бері өткен жылы азық-түлік өнімдерінің импортының төмендегені байқалды. Жалпы импорт көлемі 6,2% төмендеп, ЕАЭО елдерінен импорт 10%” азайды, -деді Мамытбеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, импортты алмастыру бағытында оң даму бар, мәселен ет импорты 42,3 пайызға, жұмыртқа үш есе, картоп екi есеге, қияр 4,8 есеге азайды. Бұл ретте министр экспорт өсімі байқалатынын атап айтты.

Источник: http://newskaz.kz/economy/20150508/7978519.html

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus