Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстанда алғаш рет азық-түлік өнімдерінің импорты төмендеді – А.Мамытбеков

Қазақстанда алғаш рет азық-түлік өнімдерінің импорты төмендеді – А.Мамытбеков

56464(2)
2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда азық-түлік өнімдері импорты азайып, экспорттың артқаны байқалды, деп мәлімдеді бүгін ҚР ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков ОКҚ брифингінде.
«Өткен жылы алғаш рет азық-түлiк импортының төмендегені байқалды. Жалпы азық-түлік импортының көлемі 6,2%-ға кемiдi. Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерiнен импорт 10%-ға төмендедi», – деді А.Мамытбеков.
Сонымен бірге, оның айтуынша, импортты алмастыру бағытында оң даму бар. Осылайша, сиыр еті импорты 42,3%-ға, жұмыртқа импорты 3 есеге, картоп 2 есеге, қияр 4,8 есеге азайған.
56464(1)
«Оның үстiне экспортымыз өсiп келедi. Былтыр бiз алғаш рет ет және ет өнiмдерiнiң шамамен 12 мың тоннасын экспорттадық, оның 7 мың тоннаға жуығы сиыр етi», – деп толықтырды министр.
Сондай-ақ, өңделген ет өнiмдерiнiң экспорты да өсуде. Осылайша, шұжық және ет консервiлерiнiң экспорты тиiсiнше 9 және 2 есе өстi. Шетелге сүттi жеткiзу көлемi де 6 есеге, қышқыл сүт өнімдері 1,6 есеге артты. Ведомство басшысының айтуынша, мұндай жағымды ахуал 2015 жылы да сақталады.
«2015 жылдың екi айы iшiнде 620 тонна тауық етi экспортталды. Былтыр екi айда оның көлемi тек 141 тонна болатын. Былтыр сыр мен iрiмшiк экспорты болмаған едi, биыл ол 316 тоннаны құрады», – деп толықтырды А.Мамытбеков.
Бұл 2013 жылы қабылданған «Агробизнес-2020» бағдарламасының алғашқы нәтижелерi екенін ол баса айтты.

Источник: http://www.primeminister.kz/news/show/29/import-prodovolstvennyh-produktov-vpervye-snizilsja-v-kazahstane-amamytbekov/08-05-2015?lang=kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus