Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстанда 2020 жылға дейін бағалы балықтарды өсіруге 1,8 млрд теңге бөлінеді – ҚР АШМ

Қазақстанда 2020 жылға дейін бағалы балықтарды өсіруге 1,8 млрд теңге бөлінеді – ҚР АШМ

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында бағалы балықтарды өсіруге 1,8 млрд теңгені балық өсіретін кәсіпорындарға
жеңілдіктер ұсынуға бөлу жоспарланған, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев.
654
«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды бағалы балықтарды өсіруге субсидиялар қарастырылған. 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін 1 млрд 800 млн теңге көлемінде жеңілдіктер қарастырылып отыр», – деді Е.Нысанбаев.
5454
Сонымен қатар, оның айтуынша, осы қаражаттың 20%-ы бекіре тұқымдас балық шаруашылығы қожалығының құрылысына жұмсалады.

«Бұдан басқа бизнестің табысты дамуы үшін қымбат құралдар мен жем сатып алуды қаржыландыру мәселесін қарастырудамыз», – деп баса айтты ол.

Вице-министрдің мәліметінше, жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде балық өсіретін 5 зауытты бәсекелі ортаға беру жоспарланған.
www.primeminister.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus