Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қазақстан ет экпортын арттырмақ

Қазақстан ет экпортын арттырмақ


2014 жылы Қазақстан Ресейге 6000 тонна сиыр етін экспортқа шығарды. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, бұл – өте жоғары көрсеткіш. Себебі бұған дейін 22 жыл ішінде барлығы 6000 тонна сиыр еті сыртқа жөнелтілген болатын. Министр ет эскпорты тағы да өсетінін хабарлады. Оған арнайы инфрақұрылым да дайын екен. Сондай-ақ Асылжан Мамытбеков биязы қой жүніне деген сұраныстың артқаны байқалып отырдеді. Жылына мұндай жүннің 6-7 мың тоннасы шығарылады. Бұл жүннен жоғары сапалы мектеп оқушыларының формасы тігіледі. Енді министр отандық шаруалардың өндірген терісін де шетелге сатпай, оны көлік шығару саласында пайдалануды ұсынып отыр. Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: – Қазір біз автомобиль өндірісін қолға алып жатырмыз. Ал ішіндегі барлық отыратын орындықтары теріден жасалады. Оны біз дайын кресло түрінде алып келеміз. Неге біздің елімізде осы теріден тікпеске? Ол біздің фермерлерге орасан зор көмек болатын еді.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus