Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Ауылды қолдау шаралары екі есе артты

Ауылды қолдау шаралары екі есе артты

Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруа­шылығы министрі Асылжан Мамытбеков баспасөз мәс­лихатын өткізді. Шарада 11 ақпанда Мемлекет басшысы жүк­теген тапсырмалардың орындалу барысы туралы айтылды. Әуелі өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы әңгімелеген министр салада қол жеткізілген табыстарға тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, былтыр ауыл шаруашылығының ішкі жалпы өнімі 2,5 трлн. теңгеге жетіпті. Бұл көрсеткіш бұрнағы жылдан 0,8 пайызға артық көрінеді. «Елі­міздегі барлық жұмыс істей­тін азаматтардың 25 пайызы ауыл шаруашылығында қыз­мет етеді. Осыған қарап, АӨК-ке бөлініп жатқан қосымша қара­жат қоғамдағы әлеуметтік тұрақ­ты­лықты қамтамасыз етумен бірге, АӨК аралас салалардың дамуы­на да оңды әсерін тигізеді. Бұған қоса, «Агробизнес-2020» бағ­дар­ламасының жүзеге асыры­луының алғашқы нәтижелері жайлы да айтып өткім келеді. Был­тыр болған күрделі табиғи жағдай­ға қарамастан егістік шаруа­шы­лығының өсімі 98,4 пайызды құрады. Ал мал шаруашылығында 3,8 пайыздық өсім болды», деді министр. Жағымды жаңалық – ми­нис­трлік пен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ бірлесіп, орта және ша­ғын биз­несті несиелеу бағдар­ла­маларын әзірлепті. Ол бойынша 50 және 100 бас қойы бар, сондай-ақ жылқы және сүтті қара мал фермер­лік шаруашылықтарды қолдау бойынша индикативті жоспар жасалыпты. Бұған қоса, 5 гектарға дейін отбасылық бау-бақша жасап, бағбандық етем деушілерге кепілсіз несие алу шарасы да қарастырылып жатқан көрінеді. Министрдің сөзіне илансақ, аталмыш шаралар ойдағыдай іске асырылса ағымдағы жылы 30 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етіледі екен. Көктемгі егіс науқанында шаруаларға жеңілдікпен бері­летін жанар-жағармай бағасы жур­налистердің назарынан тыс қалмады. «Қазiргi уақыт­та ауыл­шаруашылық тауарын өндiру­шiлерге арналған арзандатылған жанар-жағармайдың құны өңiр­лерде 81 теңге деп бекiтiлген. Бұл нарықтағы бағадан 18 пайызға арзан. Ал, оның бағасы литрiне 99 теңге екенi мәлiм. Былтырғыға қарағанда бұл 30 пайызға төмен. Жалпы, бекiтiлген жанар-жағармайдың көлемi 366 мың тонна. Оны тиiстi ауылшаруашылық субъектiлерi алып жатыр», деген А.Мамытбеков ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қолдау аясында бөлiнген суб­сидияларға да тоқталды. Баршаңызға мәлім, 2013 жылдан бері «Агробизнес-2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақ­саты – мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын дамытудың қаржылық және қаржылық емес кешенді шараларын қолға алу. Осы бағдарлама аясында екі жылдың ішінде мемлекеттік қолдау іс-шараларының көлемі екі есеге артты. Нақты сандарға сүйеніп ай­татын болсақ, 2013 жылы суб­си­диялардың көлемі 87,2 млрд. тең­гені құраған болса, биылғы оның көлемі 177,3 млрд. теңгеге жетіп отыр, деп атап айтты ол. Тағы бір еңсе көтеретін жағ­дай шаруашылықтарды қолдауға қосымша 20 млрд. теңге қаржының бөлінгені. «Қазір әлемде қалып­тасып отырған күрделі эконо­микалық жағдай біздің елімізге де кері әсерін тигізіп жатыр. Дегенмен, Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы кешеніне бағытталған мем­ле­кеттік қаржылай қолдау іс-шара­лары ұлғайып, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша қосым­ша 20 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Осыған қатысты тиісті заң қазір Парламентте қара­лу­да. Оның жұмсалуына келсек, 20 млрд. теңгенің 7 млрд. қаржы­лай сауықтыру аясында несие мен лизингтің өсу пайызын субси­диялауға бағытталады. Ал, 13 млрд. теңге мал шаруашылығына және несие мен сыйақы мөлшерін реттеуге, тағы да басқа шараларға жұмсалады», деді министр.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

http://egemen.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus