Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Астық биыл мол болады-ау!..

Астық биыл мол болады-ау!..

600_d5cf9ce00780c2cb0780ee63a45f01f8Биыл «Қазгидромет» егінші қауымды қуантып отыр. «Жалпы, үстіміздегі жылы Қазақстанның барлық өңірлерінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезеңінде топырақтың ылғал қоры негізінен, қанағаттанарлық және оңтайлы деңгейде болады!» деді «Қазгидрометтің» Агрометеорологиялық болжау басқармасының басшысы Ерболат Мұқанов.

Рас, осы синоптиктердің бол­жамынша, мамыр айында Пав­лодар облысында, Батыс Қа­зақстан және Ақтөбе облыста­рының аумағында жауын-ша­шынның мөлшері нормадан төмен болады деп күтілуде, ал қалған аймақтарда – нормадан жоғары.

Амандық болса, биыл қазақ елі көңіл қуантарлық көлемде егінге қол жеткізуі керек. Өйткені аграршы-ғалымдардың да баға­лауынша, «ағымдағы ауыл шаруашылығы жылының басы еліміздің негізгі астық себетін аймақтары үшін қолайлы болып қалыптасуда». Өткен жылы шілде айында шектен тыс жауған жауын-шашыннан кейін топы­рақ­тың күздік ылғалы мол болып қалыптасты, сондай-ақ қыс мезгілінде қазақ жеріне жеткілікті мөлшерде қар түсті. Сондықтан аграршылар қордаланған ылғалды сақтап, оны тиімді пайдаланса, көктемгі дала жұмыстарын өткізу үшін соның өзі жеткілікті.

Ауыл шаруашылығы министр­лігінің ақпарынша, респуб­лика­мызда 2015 жылы ауыл шаруа­шылығы дақылдары 21,5 миллион гектар алқапқа егілетін болады. Оның ішінде дәстүрлі түрде бидай және басқа дәнді дақылдардың үлесі басым: 15,2 миллион гектар­ды алып жатады. Бұл ретте майлы дақылдар 2,2 миллион гектарға егіледі. Ал малға арналған азық-жемге – 3,7 миллион гектар, көкөніс дақыл­дары мен картопқа – 413,6 мың гектар бөлінеді.

АШМ кейбір аймақтарда «тұқым тапшылығы» орын алған­дығын хабарлайды, бірақ ол облысішілік, облысаралық ал­масу және бидайды форвардтық сатып алу бағдарламасы есебінен ендігі толтырылыпты.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін шаруалар «ҚазАгро» холдингі мен коммерциялық банктер арқылы ендігі 60 мил­лиард теңге көлемінде бюджеттік несие алды.

Қазіргі уақытта ауыл шаруа­шы­лығы тауарларын өндіру­шілерге 47 миллиард теңге беріл­ді, оның ішінде «ҚазАгро» хол­дингі арқылы – 21,8 млрд теңге, форвардты сатып алу бойынша – 11,8 млрд теңге арна тартқан. Екінші деңгейлі банктер арқылы 25,2 млрд теңге игерілді.

Бұдан бөлек, өсімдік шаруа­шылығы саласын субсидиялауға ағымдағы жылы 78,2 миллиард теңге бағытталады. Сонымен бірге мемлекеттік ресурсқа 3,5 миллиард теңгеге астық сатып алынады.

Егіншілер жанар-жағар­майдан да кенде болмауға тиіс. АШМ көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті дизель оты­нының көлемін 366 мың тонна мөлшерінде белгіледі. 13 сәуірдегі жағдай бойынша 1 литрін 81 теңгеден – 146,8 мың тонна, ал еркін нарықтан 35,3 мың тонна дизель отыны сатып алынды. Жалпы, республика бойынша ауыл шаруашылығы техника­сының дайындығы 93-99% деңгейінде екен.

Қазақстанда жазғы дақылдар қазірдің өзінде 353 мың га алқапқа себіліп үлгерді.

Источник: baq.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus