Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар АШМ: Биылғы балық аулау лимиті – 64 мың тонна

АШМ: Биылғы балық аулау лимиті – 64 мың тонна

20150329185911Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл Қазақстанда балық аулаудың лимитін 64 мың тоннаға белгілеп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті.
Вице-министр сөз арасында балық шаруашылығы өндірісі экономиканың әлеуетті секторларының бірі екенін еске салды. Оның айтуынша, соған орай, балықтың жасанды өсімін молайтып, олардың табиғи өсіміне жағдай жасамайынша, балық ресурстарын тұрақты пайдалану да мүмкін болмайды.

«Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс аясында республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар республиканың резервтік су айдындарына 168 млн данаға жуық бағалы балық түрлерінің шабақтарын жібереді. Соның ішінде 7 млн данаға жуық бекіре балықтарының шабақтары Каспий теңізіне жіберіліп келеді. Бұдан бөлек, елімізде балық аулауға лимит белгіленіп, шектеулер жасалып отырады. Республика бойынша 2015 жылғы балық аулау лимиті 64 мың тонна деп бекітілді», – деді Е.Нысанбаев.

Сонымен қатар вице-министр балық өніміне деген сұраныстың ұдайы өсіп келе жатқанын, балық өсірумен айналысатын кәспорындар да балық қорын арттыру үшін тиісті шараларды қолға алғанын айтады. Мәселен, елімізде балық өсірумен 35-ке жуық балық өсіру кәсіпорны айналысады. Ал «Агробизнес-2020» бағдарламасында тауарлық балық өсіруді дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.

«Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын, әсіресе, бекіре тұқымдас балық түрлерін сақтауға зор мән беріледі. Елбасы Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын ұтымды пайдалану мен сақтауды, сонымен бірге, Каспийдегі бекіре балықтарын коммерциялық аулауға бес жылға мораторий енгізу механизмін әзірлеуді тапсырды. Өткен жылдың қыркүйек айында Астрахань қаласында Каспий маңындағы бес мемлекет осы келісімге қол қойды. Балық шаруашылығын одан әрі дамыту және қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуде», – дейді вице-министр.

inform.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика