Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Арзан жеміс әлеуметтік дүкенде сатылады

Арзан жеміс әлеуметтік дүкенде сатылады


Қызылордада 5 әлеуметтік дүкен ашылды. Сауда орындарында көкөніс және жеміс-жидек өнімдері базар бағамынан арзан сатылады. Жалпы облыс аумағында осындай 17 нысан жұмыс істеп тұр. Жаңа дүкендердің ашылуымен өнімдердің бағасы тұрақталып, жұртшылықтың арзан азыққа деген сұранысы артты. Әдетте қыс айларында бағасы қымбаттай түсетін көкөністер мен жеміс-жидектерге деген сұраныс артқан. Облыс орталығында төмен бағада өнімдер сатылатын дүкендер желісі іске қосылды. Сауда нүктелерінде таң сәріден бастап тұтынушылар қатары көп. Бүгінде мұнда әлеуметтік маңыздағы азық-түліктер базар бағамынан 15-20 пайызға арзан сатылуда. Сейілхан Бижанов, Қызылорда қаласының тұрғыны -Осы жерге келіп, күнделікті пайдаланатын азық-түлігімізді алып тұрамыз. Картопты 85 теңгеден алып отырмыз. Басқа дүкендерде 150-145-тен береміз дейді. Төмен бағадағы дүкендер ашуды «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Азықтандыру комбинаты KZ» жеке серіктестігімен бірлесіп жүзеге асырды. Жоба аясында былтыр 12 әлеуметтік сауда орны ашылған болатын. Ал Жаңа жылдан бастап олардың қатары он жетіге жетті. Жаңа дүкендер құрылысына 130 миллион теңге жұмсалды. Қанат Смағұлов, кәсіпкер -Бағаны тұрақтандыру деп жәрмеңке де аштық. Ашылғалы бері барлығын қосқанда 4-5 мыңнан тоннадай саттық. Қалада жақын күндері аумағы 1000 шаршы метр болатын сауда орны іске қосылады. Сондай-ақ аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда. Азық сақтайтын арнайы қоймада еліміздің барлық өңірлерінен әлеуметтік маңыздағы өнімдер әкелініп, сауда орындарына жіберіледі. Авторлары: Рауан Мыңбаев, Әлхайдар Тұрлыханов

www.khabar.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus