Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар «Алтай Агро Invest-2015»

«Алтай Агро Invest-2015»

Шығыс Қазақстанда халықаралық инвестициялық форум өтті

Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев жуырдағы Жол­дауында дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағытын атап көрсетіп, оның маңызды бір тармағы ретінде жаңа инвестициялық саясаттың негіздерін атап өткен, эконо­микалық өсімді қамтамасыз етуде инвестиция көздерін табудың ерекше маңыздылығын жеткізген болатын. Елбасы Жолдауынан туындаған тапсырмалар мен міндеттерді орындау бағытында Кенді Алтайда кешегі күні алқалы жиын өтті. Шығыс өңірінде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Алтай Агро Invest-2015» халықаралық инвестициялық форумына 13 мемлекеттен келген 70-ке жуық инвестор мен дип­ломаттар қатысты. Мәртебелі меймандарға облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары әлеуеті мен ерекшеліктері таныстырылды. Жалпы алғанда, ауқымды жиынға 100-ден астам қатысушылар келгенін айта кеткен жөн. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Қытай, Франция, Чехия, Малайзия, Моңғолия, Бразилия, Канада, Үндістан, Швейцария, Израиль және Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілдері бар.

Облыстық драма театрында өткен форумның қатысушыларын ауқымды әрі маңызды көрме қар­­сы алды. Аталған көрмеде Шығыс Қазақ­стан облысының агроөнер­кәсіптік кешенінің тартымды инвес­тициялық жобалары көрініс тапты.

Мазмұнды жиынды ашқан өңір басшысы Даниал Ахме­тов облыс­тың әлеуметтік-экономи­калық да­муындағы негізгі ерекшеліктер мен басымдықтар жөнінде әңгімеледі.
– Біздің облысымыз – елі­міздегі экономикалық әлеуеті өте үл­кен индустриялық-аграрлық өңір­­лердің бірі. Оның ішінде инвес­­тиция құюға қолайлы басым бағыттардың біріне агро­өнеркәсіптік кешен де жататынын айта кеткім келеді. Үш жылдың ішінде бұл салаға 104 миллиард теңге инвестиция салынса, оның 36 миллиард теңгесі мемлекет тарапынан құйылды.

Сіздердің іскерлік мүдде­­­­­леріңіз бизнестегі сәттілікке және экономикалық тұрғыдан пайда табуға деген табиғи ұмтылыспен ұштасады. Сондықтан, Қазақ­­­станда жеке капиталды еш тәуекелсіз нарықта игеруге, кірістер мен нақты жеңіл­­діктерге қол жеткізуге мүм­кіндік беретін тұрақты тетіктер барлығын, қолайлы жағдай жасалғанын атап өткім келеді, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Сонымен бірге, аталған фо­рум­­ға қатысқан еліміздің Ауыл шаруа­­шылығы министрі Асыл­жан Мамыт­беков өз сөзін­­­­де сая­си тұрақ­тылық пен жағым­ды инвес­­тициялық климат Қазақ­­стан­ның аграрлық секторын­­­дағы экономикалық және инвес­тициялық тартымдылықты қалып­тастырып отырғанын жеткізді. Министрдің айтуынша, соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығындағы өндіріс пен экспорт көлемі 3 есеге дейін өсті.

Әлеуетті инвесторларды түрлі са­лалар бойынша тиімді жоба­­лардың көптігі қуантты. Тұтас­тай алғанда, форум барысында агро­өнеркәсіптік кешенге енетін 15 бағыт бойынша 52 инвести­циялық жоба таныстырылды. Оның ішінде ет комбинаты, та­уарлы сүт фермалары, жылыжай, асылдандыру және бор­дақылау алаңдарын құру, сүт өңдеу кәсіпорындары, ауыл шаруа­шылығы дақылдарын өсіру және өңдеу сияқты жобалар, сондай-ақ балық, орман, ағаш өң­деу, марал және омарта ша­­­­руашы­лығы жобалары да көрсетілді.
Айта кеткен ләзім, Шығыс Қазақстан өңірі елімізде сүт, күнбағыс майы, бал және панты өнімдерін өндіру бойынша бірінші орынға, ал ет пен картоп өндіруде үшінші орынға ие. Бұл ауыл шаруашылығындағы облыстың табиғи мүмкіндіктерін көрсететін маңызды көрсеткіш.

Халықаралық инвестициялық форум алаңында тұсауын кес­кен маңызды жобалардан кейін жалпы сомасы 32 миллиард теңгені құрайтын 9 келісімге қол қойылды. Солардың ішіндегі өте тиімді жобалар жөнінде айта кетейік. Агросектордың маңызды салаларының бірі – құс шаруашылығы. Бұл ретте форум келіссөздері нәтижесінде Ұлан ауданында құс фабрикасының құрылысы бой көтереді. Жұмырт­қа өндіру бағытында жұмыс істейтін фабрика жобасына Қытай Халық Республикасынан келген «San Bao Shengjile» компаниясы қызығушылық танытты. Одан өзге Аягөз ауданында агроөнеркәсіптік кешен құрылысы басталмақ. Ал Үржар ауданында тауарлы сүт фермасы мен суармалы жерді суару желісінің (ирригациялық) құрылысы жүргізіледі. Бесқа­­­рағай ауданында ауыл шаруа­­­шы­лығы дақылдарын, астық өнім­дерін өңдеу зауыты, Көкпекті ауданында ет өңдеу кешені мен бордақылау алаңы бой көтереді.

Сондай-ақ, аталған ауданда Қытайдан келген «Kuitun Tiandao Trade Co.Ltd» компаниясымен бірге бағалы балық түрлерін қарқынды өсіру кешені бойынша іргелі шаруашылық жобасы жүзеге асырылады. Абай ауданында Ресей Федерациясынан кел­ген «Борская фабрика ПОШ» ААҚ» компаниясымен бірге жүнді қайта өңдеу және өнім өндіру цехы салынбақ. Зайсан ауда­нында трактор мен ауыл шаруа­­­шылығы құрал-жабдық­­­тарын сату және қызмет көрсету орталығы ашылатын болады. Ал Тарбағатай ауданында пайдаланылмай жатқан жерлерді игеру мен айналымға енгізу бойынша жұмыстар қолға алынатын болды.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus