Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Агроөнеркәсіп кешенінің нысандарына мемлекеттік қолдау ауадай қажет

Агроөнеркәсіп кешенінің нысандарына мемлекеттік қолдау ауадай қажет

Қосымша құн салығы сомасын субсидиялау. Мемлекеттік қолдаудың бұл түрі ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпорындардың еңбекке деген ынтасын арттырды. Себебі бұл дайын тауардың өзіндік құнының арзандауына жол ашып, зауыт-фермаларға жаңа сатылым аумақтарын игеруге мүмкіндік береді. Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылшаруашылығы өнімін өңдеушілеріне еліміздің агроөнеркәсіп кешенінде қолға алынған мемлекеттік қолдаудың осындай жаңа түрі таныстырылды. Түсіндіру тобын Көкшетауға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев бастап барды. Ол алдымен Зеренді ауданындағы Milk Project сүт зауытында болып, нысанның жұмысымен танысты. Айта кетейік, аталған сүт зауыты бүгін де тәулігіне 50-55 тонна сүт өңдейді. Мұнда шығарылған өнімнің 40-60 тоннасы апта сайын Кедендік Одақ аясында Ресейдің бірнеше қаласына жөнелтіледі. Ермек Көшербаев, ҚР ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: – Агроөнеркәсіп кешенінің нысандарына мемлекеттік қолдау ауадай қажет. Оның үстіне Елбасы өңдеуші кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін жоғарылатып, оларға өз өнімдерін жаңа нарықтарда саудалауды тапсырып отыр. Сондықтан өнім өңдеушілерге шикізатты арзан бағада алуға мүмкіндік беріліп, дайын өнімін тез әрі көп көлемде сата алатындай жағдай жасалуы қажет. Мустафа Харсиев, Шортанды сүт зауытының директоры: – Бұл – біз үшін өте жақсы бастама. Себебі қосымша құн салығына қатысты бірқатар мәселе бар. Біз көбіне жеке шаруалармен жұмыс істейміз. Ал олар біздің қосымша құн салығының өсуіне ешқашан үлес қосқан емес. Сондықтан бізге экспортқа шығарда екі есе салық төлеуге тура келеді.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/ekonomika/item/75585-azhet

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus