Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне 2020 жылға дейін республика бойынша 212 сүт қабылдау пункті ашылады

2020 жылға дейін республика бойынша 212 сүт қабылдау пункті ашылады

Қазақстанда жылына 5 млн литрден астам сүт өндіріледі. Оның тек 40 пайызы ғана өңделеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

Сүт өңдеу көлемін арттыру үшін қандай шаралар қолға алынуда? Қарасай ауданында орналасқан «Медеу Коммерц» тауарлы-сүт фермасы 780 бас сиырға арналған. Голштино-фриз тұқымды Зеңгі баба төлі бірнеше жыл бұрын Канададан әкелінген.

Ұлан Нарынбек, тілші

-Қазақта «сиырдың сүті тілінде» деген нақыл сөз бар. Мына сиырлар тәулігіне 28 литр сүт береді. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Мұндай мөлшерде сүт алу үшін ең алдымен малдың жем-азығын дұрыс жолға қою керек.

Қазір фермада 65 адам жұмыс істейді. Жақын күндері сүт өңдеу цехы іске қосылып, тағы 25 адам жұмыспен қамтылады.

Бақыт Медетбеков, тауарлы-сүт фермасының басқарушы директоры

-Айран, ірімшік, сиыр сүтін бәрін шығарамыз. Бұл нағыз табиғи өнім. Мұнда құрғақ қоспалар жоқ.

Ферма өнімді әзірге көрші аудандағы «Данон-Бүркіт» заводына өткізеді. Бұл екі жаққа да тиімді. Жалпы елімізде үлкенді-кішілі 200 сүт өңдеу зауыты жұмыс істейді. Зауыттардан ауыл тұрғындарының сүт алуын ынталандыру үшін былтыр Салық кодексіне өзгертулер енгізілді.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

-Егер де бұрын заңды тұлға қосалқы шаруашылықтан шикізатты сатып алған болса, 10 пайыз салық төлеуге мәжбүр болатын еді. Қазір ол босатылды. Екіншіден, алғашқы қосымша құн салығы мәселесін шештік деуге болады.

2020 жылға дейін республика бойынша 212 сүт қабылдау пункті ашылады. Бұл шара шикізаттың сапасын жақсартумен бірге шалғайдағы шаруалардың өнімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде болып, болашақ сала мамандарымен жүздесті. Авторлары: Ұлан Нарынбек, Нұрдәулет Жақсыбаев

Источник: khabar.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus