Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баспасөз хабарламалары ҚР АШМ Су ресурстары комитеті ОҚО-ның 30 мыңға жуық халқын ауыз сумен қамтамасыз етті

ҚР АШМ Су ресурстары комитеті ОҚО-ның 30 мыңға жуық халқын ауыз сумен қамтамасыз етті

Жылдар бойы ОҚО Арыс қаласы және оған жақын орналасқанелді мекендерде бірінші қатардағы мәселе болып, кесте бойынша келіп тұратын ауыз су болатын. Бүгін Арыс қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендерге су құбырлары тартылып, Арыс су тартқышына қосылып, аталған мәселе шешілді. «Арыс су тратқышын қайта өңдеу және оған ОҚО Арыс қаласы мен жақын орналасқан елді мекендерді қосу» жобасы 2008 жылы басталған. Жалпы, аталған жобаны жетілдіру үшін 1 312 951,0 мыңтеңге сомасындағыинвестиция қоры тартылған. Жоба аясында Арыс қаласының Тараз, Самал және Көктем шағын аудандырында және орталықтағы көшелер – Салықбаев, Елшінбеков, Елетов, С.Сейфуллин, Шүкірбаева, Бегелдінов, Суворов, Шынғыбаева атындағы және Солтүстік көшесінде, К. Байсеитова-РСУ және Парковый аудандары мен Наурыз ауданының екі көшесінде және Ақдала ауылында су құбырлары тартылған. Хлопком елді мекенінде темір жол астынан өтетін су тартқыштың бөлігі мен екінші су көтеру станциясы салынды. Жеке сектордың су жүйелері толығымен топтастырылды. Жалпы Оңтүстік Қазақстанның 29 850 тұрғындары ауыз сумен қамтамасыздандырынды. ҚР АШМ СРК баспасөз қызметі Тел.:8-(7172)-51-83-61 8-707-227-44-37  

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus