Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстанның 9 өңірінде шетел инвесторларының қатысуымен АӨК саласындағы ірі жобалар жүзеге асырылады – ҚР ИДМ

Қазақстанның 9 өңірінде шетел инвесторларының қатысуымен АӨК саласындағы ірі жобалар жүзеге асырылады – ҚР ИДМ

Бүгінде 200 жоба бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, олардың 60-тан астамы – агроөнеркәсіптік кешен аясында, деп мәлімдеді бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы жалпы отырысында ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

Сонымен, оның мәліметінше, француздық Лакталис пен немістің Меггле компаниялары елдің 9 өңірінде ауыл шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруда.

«Белсенді 200 жобаның 60-тан астамы агроөнеркәсіп кешені саласына тиесілі екендігін атап өткім келеді. Бүгінгі күні корейлік Лотте компаниясы кондитерлік өнімдер шығару бойынша жобаны, француздық Лакталис пен немістің Меггле компаниялары сүт өнімдерін шығару және қайта өңдеу жобасын жүзеге асыруды бастайды. Мұнан бөлек агроөнеркәсіп кешені саласында Қазақстанның 9 өңірінде ірі жобалар жүзеге асырылады», – деді Ә.Исекешев.

Министрдің атап өтуінше, мәселен, өткен аптада итальяндық ТНК Cremonini компаниясы қайта өңделген ет өнімдерінің түр- түрін шығаратын заманауи комбинат құрылысының басталғандығы туралы жария еткен.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Источник: https://primeminister.kz/news/show/29/krupnye-proekty-v-sfere-apk-s-uchastiem-inostrannyh-investorov-realizujut-v-9-regionah-kazahstana-mir-rk/27-05-2016?lang=kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus