Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қостанай облысында 3 млн тоннаға жуық астық жиналды

Қостанай облысында 3 млн тоннаға жуық астық жиналды

Қостанай облысында 3 млн тоннаға жуық астық жиналды. Бұл туралы BNews.kz тілшісі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы С.Исенаманов хабарлады.
«Қостанай облысында астық жинау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінде егістік алқаптың 67 пайызынан астық жиналды. 3 млн тоннадай бидай қоймаға өткізілді»,-деп атап өтті ол.
Бөлім басшысының сөзіне қарағанда, аймақтың оңтүстік аудандарында жақын күндері астық жинау науқаны аяқталады.
«Егіннің орташа шығымдылығы гектарынан 10,1 центнерді құрады»,-деп қосты С.Исенаманов.
Естеріңізге саламыз, биылғы жылы Қостанай облысы 4,5 млн тонна астық жинауды межелеп отыр.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus