Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Кооперативтерді құру және қаржыландырудың талаптары еліміздің барлық аудандарында түсіндірілуі керек – Қ.Айтуғанов

Кооперативтерді құру және қаржыландырудың талаптары еліміздің барлық аудандарында түсіндірілуі керек – Қ.Айтуғанов

1470

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов Мемлекет басшысының жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану арқылы қайта өндеуші кәсіпорындардың қуаттылықтарын жүктеу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын баяндады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша шаралар ағымдағы жылдың 28 маусымында Үкімет отырысында таныстырылған болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдіктері және Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігі арасында жыл соңына дейін бұл шараларды жүзеге асырудың нақты міндеттері мен индикаторларын аңықтайтын үш жақты жоспарға қол қойылды», – деді ол.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда аталған шараларды жүзеге асыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды және өңірлерде түсіндірме жүргізуге құжаттар топтамасы даярланды.

«28 шілдеден бастап 30 тамызға дейін барлық облыстарда және кейбір аудандарда аудан әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен жиналыстар өткізілді. Осы жиналыстарда тиісті шараларды жүзеге асыру механизмдері, соның ішінде, кооперативтерді құру және қаржыландыру талаптарына толық түсіндірмелер берілді. Өз кезегінде, әкімдік тарапынан ауылдық әкімдерді қамту арқылы барлық аудандарда түсіндіру жұмыстары жүргізілу керек», – деп атап өтті Қ.Айтуғанов.

«Сондай-ақ,оләкімдіктердің тілектері бойыншақазан айынан бастап ауыл округтерінің әкімдерін және аудан әкімдерінің орынбасарларына оқыту семинарлары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі таңда семинарлар Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Павлодар облыстарында өткізіліп үлгерді. Барлығы ЖАО 966 қызметкері оқытылды.

«Республика бойынша 15 қарашаға дейін 2 400 ауыл округтерінің әкімдерін және аудан әкімдерінің орынбасарларын оқыту аяқталатын болады. Әкімдіктердің жоспарларына сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылатын болады. Олар 100 сүт қабылдау пункттін және 2 мыңнан астам отбасылық бордақылау алаңын біріктіреді», – деп түйіндеді Қ.Айтуғанов.

Айта кетейік, 2016 жылдың 15 қазанындағы жағдай бойынша 28 сүт қабылдау пунктті және 3,2 мың отбасылық бордақылау алаңы құрылды. Мұның нәтижесінде 15 мың жеке қосалқы шаруашылық қамтылатын болады.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus