Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Кооперативтер жұмысын оңтайландыру үшін Салық кодексіне өзгерістер енгізу ұсынылды

Кооперативтер жұмысын оңтайландыру үшін Салық кодексіне өзгерістер енгізу ұсынылды

1470

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастырудағы кейбір заңнамалық мәселелерге тоқталып өтті.

«Салық кодексіне сәйкес, арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға кооператив құрамына кіретін болса, олар арнаулы салық режимін әрі қарай қолдануға мүмкіндігін жоғалтады. Себебі, кооператив арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға болып табылады. Осыған орай, аталған кедергіні жою мақсатында кооперативтер үшін Салық кодексінің 448 бабының 3 тармағының 3 тармақшасын алып тастау ұсынылады», – деді ол.

Оның айтуынша, тағы бір жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперативтерге бірігуінің тежегіш факторы – ол ауыл шаруашылығы малының қалдықтарына экологиялық эмиссия төлеу. Ал, жеке қосалқы шаруашылықтарға мұндай норма қойылмаған. Яғни, бұл Салық кодексінің 495 бабы және Экологиялық кодексінің 101 бабы.

«Аңықтама ретінде айта кетсек, 1 бас малға төлеу сомасы жыл сайын 754 теңгені құрайды. Министрлік аталған мәселелерді шешу мақсатында Ұлттық экономика Министрлігіне Салық кодексіне толықтырулар енгізу бойынша заң жобасына нақты ұсыныстар берілді», – деп түйіндеді Қ.Айтуғанов.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*