Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Кооперативке бірігу – бордақылау алаңдарының тиімділігін арттырады

Кооперативке бірігу – бордақылау алаңдарының тиімділігін арттырады



Ветеринариялық зертханасы және тоңазытқышы, рефрижератор мен азық цехы бар орталықтанған сою алаңдарында мал союды ұйымдастыру мақсатында жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативке біріктіру қарастырылуда.

Атап айтқанда, 3 жылға қажетті қаражаттың жалпы сомасы 49,9 млрд. тг құрайды (2016 ж. – 10,8 млрд. тг, 2017 ж. – 20 млрд. тг, 2018 ж. – 19,1 млрд .тг.).

Одан басқа, оларды кооперативке біріктіру мақсатында ағымдағы жылы әр өңірде бір пилотты жобаны ұйымдастыру жоспарланған. Аталған бағытты жүзеге асыру нәтижесінде құрылатын бордақылау алаңдарымен қосымша 100 мың тона ет өндірілетін болады.

Өндірілген ет қайта өндеу кәсіпорындарына және салқындатылған күйінде базарларға өткізілетін болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР АШМ тарапынан ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және АӨК өнімдері өндірісінің көлемдерін жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы арттыру бойынша шаралар қолға алынуда.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus