Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар “Органикалық өнімнің ұлттық белгісін анықтау” сайысы

“Органикалық өнімнің ұлттық белгісін анықтау” сайысы

Ауыл шаруашылығы министрлігі органикалық өнім (органикалық өнім – синтездік пестицидтерді, синтездік минералды тыңайтқыштарды, өсім реттеуіштерді, жасанды ас үстемелерді, сондай-ақ генетикалық модификацияланған өнімдерді қолданусыз (немесе аз қолдану арқылы) өңделген өнім) сәйкестігінің ұлттық белгісін әзірлеуге сайыс жариялайды.

Органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісінің басты мақсаты халықты органикалық өнімнің органикалық өнімді өндіру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған талаптарға сәйкестікті растау үрдісін өткендігі туралы хабарландыру болып табылады.

Органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісіне басты талаптар:

1) экологиялық таза ауыл шаруашылығымен орайластырылуы тиіс;

2) органикалық өнімнің экспортқа бағытталатынын ескеріп, белгі Қазақстан Республикасымен орайластырылуы және шет тілінде логотиптер болуы тиіс;

3) тіркелген сауда белгілері мен логотиптерін қайталамау керек;

4) оңай таңылатын болу керек;

5) оң эмоция шамдану керек;

Жеңімпазды анықтау үшін құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ органикалық өнім өндірушілері кіретін байқау комиссиясы құрылады.

Өтінімдерді ағымдағы жылғы 29 ақпанға дейін Кенесары 36 адресі бойынша қабылданатын болады. Толық ақпарат 55-58-60 телефон бойынша.  

Ақшалай қаражат түрінде сый беру көзделмегенін атап өту жөн, жеңімпаз туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің алғыс хатымен белгіленеді.

Сайысқа қатысу үшін өтінімдерді 010000 Астана қ., Кенесары көшесі, 36 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, тел. +7 (7172) 55-58-60 немесе serikbekova.a@minagri.gov.kz электронды мекен-жайға, өтінімдерді қабылдау мерзімі 2016 жылғы 29 ақпанда аяқталады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus