Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жайық-Каспий бассейнінің резервтік қордағы халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша конкурс өткізеді

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жайық-Каспий бассейнінің резервтік қордағы халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша конкурс өткізеді

Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Астана қ., Орынбор к-сі 8, Министрліктер үйі ғимараты, 1 кіреберіс.

Конкурстың өтетін орны мен уақыты: Маңғыстау облысы, Ақтау қ., №14 шағын ауданы, № 1 ғимараты, Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимараты, 2015 жылғы 4 желтоқсанда сағат 11-00.

Конкурсты өткізу тәртібі: Конкурс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес өткізіледі.

Конкурстық құжаттарды қабылдау мерзімі: 2015 жылдың 19 қарашадан 3 желтоқсан аралығында сағат 18-00-ге дейін.

Конкурстық құжаттамаларды, сондай-ақ конкурсқа шығарылатын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша қосымша ақпаратты ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшесінен мына мекен-жай бойынша алуға болады: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, ЖЭО-1М теңіз насостық станциясы ауданы, «ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ.

Астана қаласындағы анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-99-23.

Жайық-Каспий бассейнінің резервтік қордағы халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстық құжаттамаға ақпарат

Жайық-Каспий бассейнінің резервтік қордағы (Маңғыстау облысы) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу туралы бұйрық

Паспорт рыбохозяйственного водоема (участка) на Каспийском море

Паспорт шестого рыбохозяйственного водоема, участок 3 А

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus