Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Аусыл ошақтарының саны өткен жылдың сәйкесінше уақытымен салыстырғанда 3 есеге азайды

Аусыл ошақтарының саны өткен жылдың сәйкесінше уақытымен салыстырғанда 3 есеге азайды

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында Шығыс-Қазақстан облысының екі ауданында (Ақшоқы, Ахметбұлақ) 3 аусыл ошағы тіркелді. Өткен жылдың сәйкесінше уақытымен салыстырғанда мұндай ошақтардың саны әртүрлі облыстарда 10 болған.
Көрсеткіштің төмендеуі, аталмыш ауруға қарсы ветеринариялық шараларды орындау үшін жергілікті атқарушы органдар мен ветеринариялық бекеттері бар мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың құрылуы мен материалдық-техникалық жабдықталуына байланысты болып отыр.
Бұдан басқа, ошақ тіркелген Шығыс-Қазақстан облысының Үржар және Тарбағатай аудандары КХР шекаралас. Ақшоқы және Ахметбұлақ елді мекендері мемлекеттік шекарадан 50-100 м қашықтықта орналасқан. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері аусыл вирусынының генетикалық бағыты Қытайда тіркелген ұқсас вирусқа тән екенді анықталды. Бұл шектес территориядан індеттің әкелінуін жанама түрде растайды.
Шығыс-Қазақстан облысының 3 ошағында барлығы 2 274 бас ірі қара мал жойылған.
Қазіргі уақытта, Ақшоқы аулының 154 отбасына толығымен төлемақы төленді. Өтемақының жалпы соммасы – 174 305 000 теңге.
Ахметбұлақ және Маңырақ ауылдарында Ауыл шаруашылығы министрлігі мал иелерімен қажетті құжаттар жинақталғаннан кейін өтемақыны төлейді.
Аусыл ауруы бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін Үржар ауданының аймағында төтенше жағдай жарияланды.
Сапалы таза вакцина сатып алынып, малдар мәжбүрлі түрде вакцинацияланды. Бұл шара вакцинаны қолданумен еркін аусыл аумағы статусын алуға өз септігін тигізбек.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555 – 765
info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus